Мүгедек тұлғаларды әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

  • Мүгедектер:
    • әлеуметтік қорғалуға, оның ішінде оңалтылуға, қоғамға етене араласуға;
    • әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
    • ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
    • білім алуға, қызмет түрін, оның ішінде еңбек қызметін еркін таңдауға;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне;
    • кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіруге және жұмысқа орналасуға;
    • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үйге;
    • мемлекеттік және басқа ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызметтер саласында бірінші кезекте қызмет көрсетілуге;
    • мүгедектердің шығармашылық қабілеттеріне қолдау көрсетілуге құқылы.
  • Мүгедектерге әлеуметтік көмек түрлері:
    • мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар және өзге де төлемдер түріндегі төлемдер;
    • жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмектің қосымша төлемдері;
    • жұмыс беруші және өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік көмектің қосымша түрлері;
    • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға, сондай-ақ бала жасынан 1-топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
  • Жергілікті атқарушы органдар:
    • жұмыс орындарының жалпы санының 2-4 пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
    • жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;
    • мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
    • мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру жолымен мүгедектерді жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге аптасына ұзақтығы отыз алты сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс уақыты белгіленеді, жыл сайын қосымша ақы төленетін еңбек демалысы ұзақтағы кемінде алты күнтізбелік күнге беріледі. Түнгі уақыттағы жұмысқа мүгедектің келісімімен және денсаулығына байланысты мұндай жұмысқа тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі.

Еңбек шартын жасасудан немесе қызмет бойынша көтеруден бас тарту, жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығаруға, мүгедекті оның келісімінсіз мүгедектігіне байланысты басқа жұмысқа ауыстыруға, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысына денсаулық жағдайы кәсіптік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін немесе басқалардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, рұқсат етілмейді.

1 және 2-топтағы мүгедектер мүгедектік кезеңі бар зейнетақы аударымдардан мерзімсіз босатылады.

Мүгедек балалардың ата-аналары баланың оқу орнын мамандардың ұсыныстарын ескере отырып, қарапайым немесе арнайы білім беру ұйымын таңдауға құқылы;

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылданған кезде 2012 жылдан бастап мүгедектер үшін белгіленген квота мөлшері 1% құрайды.

Мемлекеттік білім беру гранттарын бюджеттік қаржыландыру арқылы тегін мемлекеттік білім гранттарын алу конкурсына қатысқан кезде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімі жоқ, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер басым құқыққа ие болады.

Денсаулық жағдайы жалпы мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру ұйымдарында болуға мүмкіндік бермейтін мүгедек балалар үшін балабақшалар және басқа арнайы түзеу ұйымдары ашылуда.

Мүгедек балаларды жалпы немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда және басқа да білім беру ұйымдарында тәрбиелеу және оқыту мүмкін болмаса, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің қалауы ескеріліп, тәрбиелеу және оқыту үйде өткізіледі.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтік көмек көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту, білім беру және басқа азаматтармен қоғам өміріне араласуға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге шаралар арқылы қамтамасыз етіледі.

Бұдан басқа, заңнамада еңбек қабілетін жоғалту жағдайында міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемдері көзделген.

Жүргізіліп жатқан медициналық оңалту дененің бұзылған және (немесе) жоғалған функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешенін көздейді.

Мүгедектерді әлеуметтік оңалту мүгедектердiң шектеулi тiршілiк әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне бағытталған.

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторлық-курорттық емдеумен, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерімен және басқа да құралдармен және оңалтудың әлеуметтік қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Кресло-арбамен және жеке көмекшінің қызметін қамтамасыз етуге көрсеткіші бар жүріп-тұруы қиын бірінші және екінші топтағы мүгедек адамдарды қолдаудың қосымша шарасы ретінде «инватакси» қызметтері ұсынылады (мүгедектер білім беру ұйымдарына, медициналық мекемелерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына және басқа әлеуметтік саладағы объектілерге ақысыз жеткізіледі).

республикада медициналық-әлеуметтік мекемелердің, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің желісі ұсынады. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектерге күтім, көрсету, тамақтану, әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік бейімдеу, еңбекпен оңалту, оқыту ұсынылады.

Әлеуметтік қызметтер порталын жетілдіру туралы

АНЫҚТАМА

https://aleumet.egov.kz/ әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - портал) әлеуметтік-еңбек саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйелердің бөлігі және мүгедек тұлғаларға тікелей жабдықтаушылардан оңалту құралдар мен қызметтерін өз еркімен сатып алуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Әлеуметтік қызметтер порталының мақсаты – мүгедек тұлғаларды тікелей жабдықтаушылармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету.

Портал 6 процестің (инватакси қызметін қоспағанда) 5 процесін цифрландыруды болжайды, бұлар:

  1. арнаулы әлеуметтік қызметтерін көрсету;
  2. оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;
  3. ымдау тілі мамандарының қызметтерін ұсыну;
  4. жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну;
  5. санаторийлық-курорттық емдеу қызметін көрсету.

Мемлекет жағынан техникалық оңалту құралдары мен қызметтерінің құнын өтеу тетігі қарастырылады. Портал тұтынушысы қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде үстеме төлеу мүмкіндігі қосымша қарастырылады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 бизнес-процестің 2 Порталға ауыстырылды: олар арнаулы әлеуметтік қызметтер және жеке бейімдеуді қажет етпейтін 51 түрдің 24 қамтамасыз ету.

Қалған жеке таңдауды қажет ететін ОТҚ түрлері үшін әдістемелік жұмыс жүргізіліп жатыр, 2020 жылдың шілдесінен бастап ауыстырылады (санаторийлық-курорттық емдеу қызметін көрсету, жеке көмекші және ымдау тілі маманы).

Үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында тауарлар мен оңалту қызметтерін балама негізде - портал арқылы және мемлекеттік сатып алулар арқылы көрсетіледі. Порталға толық көшу - 2021 жылдан бастап.

Портал мүгедек тұлғалар үшін көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.

Порталда тауарларды, жұмыстарды және (немесе) қызметтерді жабдықтаушы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар және олардың филиалдары бола алады.

Порталда тіркеле алатын жабдықтаушылар:

  1. салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқтар;
  2. банкроттыққа немесе таратылған белгілеріне жатпайтындар;
  3. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізілмегендер;
  4. міндетті сертификаттауға жататын, тауарларды жеткізуге сай сертификаттың болуы;
  5. медициналық бұйымдарды жеткізуге тіркеу туралы куәліктің болуы;
  6. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді іске асыруға арналған бағасын ұсынығандар.

Жабдықтаушы порталда тіркеуден келесі жағдайларда шығарылады:

  1. тіркеуден шығару туралы өтініш бергенде;
  2. бизнестің тоқтатылғанында немесе жабдықтаушының қайтыс болғанда;
  3. мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіміне енгізілгенде;
  4. әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өзіне алынған міндеттемелерін орындамаған және (немесе) ойдағыдай орындамаған жағдайда.

Бұл әлеуетті жабдықтаушыларды оңалту құралдары мен қызметтерін іске асырылуына қатысуға адал бәсекелестікті арттырады және ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қызмет алушылар порталды өз еркімен немесе басқарма немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.

Порталды жетілдіру ОТҚ мен қызметтерді ұсыну сапасын арттырады, оларды алудың мерзімі мен мекен-жайлығын қысқартады, ОТҚ мен қызметтердің нақты қажеттілігін анықтайды.

Порталды әзірлеу кезінде Германия, Жапония, Эстония, АҚШ және Ресейдің халықаралық тәжірибесі негіздінде алынды.

Қазіргі кезде қызмет алушылар мен жабдықтаушылар үшін Порталды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді, сонымен қатар, басқарма мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметкерлері үшін оқу тренингтері өткізілді.

Қазіргі кезде барлық нормативтік-құқықтық базалар енгізілген. Порталда жабдықтаушыларды тіркеу жүргізіліп жатыр (243 ұйым тіркелген). ОТҚ-ның 24 түрі бойынша бағасының орташа мағынасы есептелді.

Қазіргі кезде қызмет алушылардың 80% астамы және ОТҚ 24 түріне ЭЦҚ рәсімделді. Пайдалану бойынша кеңестер ХҚКО мен Халықты жұмыспен қамту орталықтарының барлық аумақтарында жүргізіліп жатыр.

Порталдың әкімшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады, сүйемелдеуді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жүзеге асырады.

Порталды пайдаланушылары үшін 1411 нөмірі бойынша call-орталығы жұмыс істейді.

Мүгедектігі бар тұлғаларға арналған электронды қол жетімділік

Қосымшалардың атауы Сілтемелер Сипаттамасы Логотип
Be My Eyes https://apps.apple.com/kz/app/be-my-eyes/id905177575

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.bemyeyes.bemyeyes
Онлайн бейне қоңырау арқылы көру кемістігі бар адам көретін волонтерден көмек ала алады Be My Eyes
Speech Texter – набор текста голосом https://play.google.com/store/apps/details?id=com.speechtexter.speechtexter Пайдаланушы сөздігінің көмегімен сөйлеуді үздіксіз тануды қамтамасыз ететін дауыстық мәтінге арналған қосымша Speech Texter – набор текста голосом
Sullivan+ (blind, visually impaired) https://play.google.com/store/apps/details?id=tuat.kr.sullivan Дауыстық басқармасы бар мәтін мен бетті танушы қосымша Sullivan+ (blind, visually impaired)
1С Большая клавиатура https://play.google.com/store/apps/details?id=com.onecwearable.keyboard Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ұлғайтылған форматтағы пернетақта 1С Большая клавиатура
Есту және сөйлеу кемістігі бар адамдарға арналған қосымшалар
Прямая расшифровка https://play.google.com/store/apps/details?id=com.google.audio.hearing.visualization.accessibility.scribe Нақты уақыт режимінде сөйлеуді мәтінге айналдыруға арналған Сервис. Сұхбаттасушының тікелей қарым-қатынас кезінде не айтқанын экранда көру мүмкіндігі Прямая расшифровка
Spread Signs https://apps.apple.com/kz/app/spread-the-sign-language/id438811366

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.spreadthesign.androidapp_paid
Үлкен қимыл тілдер кітапханасы. Жеке әріптерді де, тұтас сөздер мен фразаларды да үйретуге болады Spread Signs
Talk FREE – Text to Voice – Read Aloud https://play.google.com/store/apps/details?id=com.ktix007.talk Мәтінді сөзге айналдыруға арналған қосымша Talk FREE – Text to Voice – Read Aloud
Voice Aloud Reader https://play.google.com/store/apps/details?id=com.hyperionics.avar Қосымша түрлі Android -қосымшаларынан мәтінді дауыстап оқиды Voice Aloud Reader
Speech to Text https://play.google.com/store/apps/details?id=appinventor.ai_xenom_apps.SpeechToText Қолданба сөзді мәтінге айналдырады Speech to Text
Speak for Me – Text to Speech https://play.google.com/store/apps/details?id=com.onelldev.onellroman.speaktome Мәтінді сөзге айналдыру Speak for Me – Text to Speech
T2S: Text to Voice – Read Aloud https://play.google.com/store/apps/details?id=hesoft.T2S Мәтіндік файлды аудио файлға айналдыру. Қарапайым кірістірілген браузер арқылы кез келген веб-сайтты ашуға болады, және қосымша ондағы мәтінді дауыстап оқиды T2S: Text to Voice – Read Aloud
TTS: Text to Speech https://play.google.com/store/apps/details?id=com.sinwho.tts Мәтінді сөзге түрлендіру және сақтау TTS: Text to Speech
My Voice – Text to Speech https://play.google.com/store/apps/details?id=com.texttospeech.tomford.MyVoice My Voice - бұл мәтінді сөзге айналдыратын бағдарлама My Voice – Text to Speech
Text-to-speech and Audio PDF Reader https://play.google.com/store/apps/details?id=com.TextVoice.TextVoiceG Мәтінді сөзге айналдыруға және мәтінді оқуға арналған қосымша Text-to-speech and Audio PDF Reader
Deaf Bible https://apps.apple.com/kz/app/deaf-bible/id567788508

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.faithcomesbyhearing.android.deaf.bibleis
Қолдануда Интербелсенді және қарапайым интерфейсте, қанық түрлі-түсті ірі планмен бейне жазбадағы қимыл тілі арқылы тәжірибелі адамдардың қатысуымен әртүрлі аудармада Киелі кітапты оқып үйреніңіз Deaf Bible
Deaf Sign Language https://play.google.com/store/apps/details?id=com.bhbharesh.DeafSignLanguage Саңырау ымдау тілдеріне арналған қосымша әліпби және сандар сияқты негіздерден басталатын әр түрлі бөлімдерден ұйымдастырылған Deaf Sign Language
Приложение для глухих жестовых языков https://play.google.com/store/apps/details?id=deaf.khokhar.yousaf.deafsignapp Қимыл тілін қолдана отырып, саңырау адамдармен қарым-қатынас жасауға көмектесетін, сондай-ақ пайдаланушыларға жай сөз немесе сөйлемді айту арқылы қимыл тілін үйренуге мүмкіндік беретін бағдарлама Приложение для глухих жестовых языков
Deaf Helper https://play.google.com/store/apps/details?id=com.adkam.DeafHelper Қосымша, олар естіп тұрған сөздерді экранда үлкен әріптермен көрсетеді Deaf Helper
Deaf Pro Pad https://play.google.com/store/apps/details?id=canalrun.apps.deafpad Сөз мәтінге ауыстырылып, блокнотта көрсетіледі. Есту және сөйлеу проблемалары бар адамдар егер жауап беру қажет болса, сенсорлық пернетақтаны пайдалана алады Deaf Pro Pad
Молитва для глухих https://play.google.com/store/apps/details?id=com.takbir.deaf.prayer Бүкіл әлемдегі саңырау мұсылмандарға арналған, исламды ымдау арқылы оқытуға арналған тегін қосымша Молитва для глухих
Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қосымшалар
Wheelmap https://apps.apple.com/kz/app/wheelmap/id399239476

https://play.google.com/store/apps/details?id=org.wheelmap.android.online
Кресло-арбамен жүріп қолжетімді мейрамханалар, кафелер, дәретханалар, дүкендер, кинотеатрлар, автотұрақтар, автобус аялдамалары және т. б. табу мүмкіндігі Wheelmap
Қолжетімділік картасы https://play.google.com/store/apps/details?id=ru.articul.kartadostupnosti Жоба мүгедектігі бар адамдарға паралимпиадалық спорт түрлерімен айналысатын орындарды табуға, сондай-ақ оларға жақын маңдағы қалалық инфрақұрылымның қолжетімді нысандары туралы ақпарат беруге көмектеседі Қолжетімділік картасы