Ұлттық жоспар

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) орындау барысы туралы ақпарат

16 января 2012 года постановлением Правительства Республики Казахстан № 64 утвержден первый этап (2012-2013 годы) Плана мероприятий по обеспечению прав и улучшению качества жизни инвалидов в Республике Казахстан на 2012-2018 годы (далее – первый этап Плана мероприятий). В реализацию первого этапа Плана мероприятий заинтересованными центральными и местными исполнительными органами в 2013 году проведена следующая работа.

26 марта 2014 года постановлением Правительства Республики Казахстан № 254 утвержден второй этап (2014-2015 годы) Плана мероприятий по обеспечению прав и улучшению качества жизни инвалидов в Республике Казахстан на 2012-2018 годы. По второму этапу (2014 – 2015 годы) Плана мероприятий исполнению до 10 февраля 2015 года подлежат 49 пунктов, из них исполнены все пункты. В реализацию второго этапа Плана мероприятий заинтересованными центральными и местными исполнительными органами, неправительственными организациями проведена следующая работа.

Іс-шаралар жоспарының екінші кезеңінің (2014 – 2015 жылдар) тармақтарын орындау шеңберінде мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар келесідей жұмыстар атқарды.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабына сәйкес құрылыс нормалары және қағидалары, объектiлердi (ғимараттарды, құрылыстарды, олардың кешендерiн, коммуникацияларды) жобалау және салу жөнiндегi техникалық регламенттер сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк жүйесiне жатады.

Мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын басқа топтары үшін ғимараттарды, құрылыстарды, көлік құралдарын, байланыс және ақпараттандыруды қолжетімді ету үшін қойылатын негізгі талаптар мынадай нормативтік техникалық құжаттарда айқындалған:

«Мүгедектерге қолжетімді жоспарлық элементтері бар тұрғын орта» 3.06-31-2005 ҚР ЕЖ;

«Мүгедектер үшін қолжетімді жалпы пайдаланатын техникалық ақпарат пен байланыс құралдары. Жіктеу. Қолжетімділік және қауіпсіздік талаптары» ҚР СТ 1544-2006;

«Мүгедектерге арналған белгілік ақпаратты көрсететін құралдар. Техникалық талаптар» ҚР СТ ГОСТ Р 52131-2006;

«Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар» 3.02-02-2009 ҚР ҚНжЕ;

«Қоғамдық жолаушылар көлігінің құралдары. Мүгедектерге  қолжетімділік және қауіпсіздіктің негізгі техникалық талаптары» ҚР СТ ГОСТ Р 51090-2010.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, қолданыстағы объектілерді жобалау және салу жөніндегі нормативтік техникалық база халықтың баяу қимылдайтын топтарына қолайлы жағдай жасау бойынша қажетті талаптарды, оның ішінде тұрғылықты жерлерді, қызмет көрсетуді, демалысты және т.б. қамтиды.

Сонымен қатар, нормалар мен қағидаларды Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция ережелерінің және Халықаралық паралимпиялық комитет талаптарының сақталуын ескере отырып, сәйкестендіру мақсатында 2011 – 2012 жылдар аралығында қолжетімділіктің келесідей жаңа нормативтері әзірленді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді:

  • «Халықтың баяу қимылдайтын топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» ҚР ҚН 3.06-01-2011;
  • «Халықтың баяу қимылдайтын топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» ҚР ЕЖ 3.06-02-2012.

Бұл нормативтердің негізінде «әмбебап дизайн» қағидасы – кез-келген жердегі объектінің барлық адамдарға қожетімділігі мен ыңғайлығы жатыр.

Жоғарыда аталған нормативтік құжаттарды талдау барысында заңнамалық түсіндірмесі жоқ сөздердің жиі қолданылатыны анықталғанын ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (2015 жылғы 3 желтоқсанда қол қойылды) шеңберінде келесідей жаңа ұғымдар енгізілді:

қолжетімді (кедергісіз) орта – орынға кедергісіз жетуге және көрсетілетін қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті пайдалану, затқа жету мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшемдері бар ғимараттың, қызмет көрсету орнының, тұру орнының сипаты;

халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер;

жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 3-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Аталған тармақты жүзеге асыру мақсатында ҚР ДСӘДМ ғимараттардың мүгедектер үшін қолжетімділігіне бағалау (сараптама) жүргізудің өлшемдерін әзірлеп, жергілікті атқарушы органдарға 2015 жылғы 30 сәуірдегі                                   № 14-2-24/4300//254 (п.4) хатпен жұмыста пайдалану үшін жіберді.

Аталған өлшемдерді толық біртұтас объектілер кешенін мониторингтен өткізумен қатар, жеке объектілер үшін де пайдалануға болады. Бағалау объектіні зерттеу орнында немесе объектіге жүру жолында жүргізіліп, толтырылады.

Объектіні зерттеу:

  • объектінің сыртқы өлшемдерін – ғимараттың немесе үй-жайдың нақты элементтері не бөлшектерінің бар болуы немесе болмауы, қабаттар саны, ақпараттың болуы және т.б. анықтайтын визуалды;
  • зерттелетін элементтер немесе бөлшектердің сандық өлшемдерін, мысалы қуыстардың немесе дәліздердің ені, пандус бұрышы, қоршау биіктігі және т.б. өлшемдерді бекітетін аспаптық болып бөлінеді.

Барлық өлшемдер зерттелгеннен кейін мүгедектерге объектілердің қолжетімділігі немесе қолжетімсіздігі туралы шешім қабыладанады және ҚР ДСӘДМ әзірлеген «Қолжетімділіктің интерактивті картасында» (friendlybuilding.kz) көрініс табады.

Тиімді мониторинг жүргізу мақсатында ҚР ДСӘДМ «Нұр Отан» партиясымен бірге мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін бағалау парақшасын әзірледі.

Бағалау парақшаларында объект элементтері, объект элементтеріне қойылатын талаптар, объект бойынша мәліметтер, тексеру нәтижесі бойынша қоғамдық бақылау тобының ұсынымдары қарастырылған. Бағалау 0-ден 10-ға дейін 10 балдық шкала бойынша жүргізіледі.

Бағалау парақшалары «Халықтың баяу қимылдайтын топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» ҚР ЕЖ 3.06-02-2012 негізінде әзірленді.

Баяндалғанды ескере отырып, 4-тармақты орындалды деп есептеп, бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

ҚР ДСӘДМ оңалту қызметтерін көрсететін ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында 2014 жылы халықаралық тәжірибе мен жергілікті контекстті ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін дамыту саласындағы ведомствоаралық өзара қарым-қатынас бойынша зерттеу жүргізді, ТМД елдерінде, халықаралық тәжірибеде қолданылатын әлеуметтік қызмет көрсетудің  ықпалдастырылған моделінің тәжірибесін зерделеді. Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ықпалдастыру ұсынылды.

Әзірленген ұсыныстарды енгізу мақсатында:

  • 2015 жылдың екінші жартысында Шығыс Қазақстан облысында «ЗУБР» корпоративтік қорымен бірлесе арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ықпалдастырылған моделін жасау бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады;
  • Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау қағидалары және мүгедек баланың, он сегіз жастан асқан мүгедектің және қарт адамның өмірлік қиын жағдайда болу өлшемдерін қамтитын бағалау парақтары, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудегі ведомствоаралық тәсілдер қайта қаралды;
  • 150 әлеуметтік қызметкерге азаматтардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктерін бағалау және айқындау жүргізу кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту тренингтері өткізілді[1].

Аталған басымдықтарды іске асыру үшін:

  • Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға (адамдарға) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Заң жобасына тиісті ұсыныстар дайындалып қойды;
  • Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) шеңберінде (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) жобасы) қызметтер көрсетудің ықпалдастырылған моделін ескере отырып, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын әзірлеу жоспарланған. Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) жобасы мүдделі мемлекеттік органдардың келісуінде жатыр;
  • 2019 жылдан бастап  бірнеше пилоттық өңірде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің ықпалдастырылған моделін енгізу жоспарланып отыр. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қарастырылған;
  • 2015-2017 жылдарға арналған облысытардың, Астана және Алматы ққ. әкімдіктерімен бірлескен меморандумдар шеңберінде үкіметтік емес секторды тарту арқылы жұмыстың баламалы нысандарын пайдалана отырып, отбасын сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ұйымдар желісін дамыту жоспарда.

Аталғанды ескере отырып, 5-тармақты орындалған деп есептеп,  бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

 

[1] ҚР ДСӘДМ мен БҰҰ Даму бағдарламасының «Әлеуметтік жаңғырту басымдықтарына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» бірлескен жобасы шеңберінде

Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесі (бұдан әрі – Халықаралық жіктеме) ережелерінің өлшемдерін және жіктемелері мәселелері бойынша тақырыптық дәрістер  жоғарғы медициналық оқу орындарының бакалаврлар, магистрлер, докторлар  даярлау деңгейіне де, қосымша білім беру бағдарламаларына да енгізілді. Дәрістерде Халықаралық жіктеменің жалпы сұрақтары және кейбір нозологиялық нысандары бойынша түсіндірілді.

Сондай-ақ, 2015 жылғы 15-19 маусымда, 23-27 қарашада ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) мамандарының біліктілігін арттыру курстарында «Медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалтудың өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша оқыту өткізілді.

99 маман келесі сұрақтар бойынша оқудан өтті:

  • медициналық-әлеуметтік сараптаманы қоса алғанда, әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
  • МӘС және мүгедектерді оңалту тәжірбиесіндегі Халықаралық жіктеменің негізгі ережелері.

Баяндалғанды ескере отырып, 8-тармақты орындалған деп есептеп,  бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Аталған тармақты орындау мақсатында ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №46 бұйрығымен Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ДСБАЖ) диспансерлік аурулар тіркелімі мен Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқорының (бұдан әрі – МОДҚ) бірлескен өзара іс-қимылының жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

2015 жылғы 9 шілдеде МОДҚ, ҚР ДСӘДМ-нің «Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі» және «Поликлиника» ақпараттық жүйелерінің (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ АЖ) көрсетілімі болды. Көрсетілімнің қорытындысы бойынша сырқаттанудың және мүгедектіктің алдын алу мақсатында диспансерлік есепте тұрған жиі және ұзақ ауыратын адамдарды анықтау үшін қажетті ҚР ДСӘДМ АЖ-де бар жолдар тізбесі қалыптастырылды. Сондай-ақ бизнес-процесті оңтайландыру бөлігінде МОДҚ-ны жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілді.

Бүгінгі күнде алғаш мүгедектікке шығу және динамикалық байқау туралы мәлімет алу мақсатында «электрондық үкіметтің» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы ықпалдастыру үшін Жоспардың 2.2-тармағы 2.2.1) тармақшасында көрсетілген МОДҚ және ДСБАЖ қызметтеріне бірыңғай техникалық талаптарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Айтылғанды ескере отырып, 9-тармақты орындалған деп есептеп,  бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (бұдан әрі – «РПОО» АҚ) мен Травматология және ортопедия ҒЗИ өзара іс-қимылы шегінде протез-ортопедиялық бұйымдардың сапасын арттыру және оларды уақтылы ұсыну мақсатында:

  • «Аяқты кесіп тастағаннан соң және протездеу алдында оңалту бойынша әдістемелік ұсынымдар» және «Аяқты ампутациялау (кесіп тастау) және алғашқы протездеу» әдістемелік ұсынымдары әзірленді және бекітілді (анықтама: ұсынымдарда аяқты кесіп тастауға көрсетілімдер, қарсы көрсетілімдер, жоспарлау және дайындау көрсетілген. Аяқты ампутациялау техникасы мен деңгейлері, науқастарды отадан кейін жүргізу, протездеуге дайындау және оңалту сипатталған). Ұсынымдар протез-ортопедиялық көмек көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылады;
  • 2015 жылғы 23 қазанда «Қауіпсіздік пен еңбек қорғау жүйесіндегі мүгедектікті азайтатын маңызды құрал ретінде кәсіби тәуекелдерді басқару» атты республикалық семинар аясында Травматология және ортопедия ҒЗИ «РФ Еңбек министрлігі Федералдық медициналық-әлеуметтік сараптама бюросы» Федералдық мемлекеттік бюросынан келген профессор С.В. Сергеевпен бірлесіп, протездеудің негізгі проблемалары мен мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған  шараларды бұдан әрі жетілдіру жолдары талқыланды;
  • 2015 жылғы 2 желотоқсанда «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастырудың оңалту технологиялары мен инновациялары» атты халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасының протез-ортопедиялық саланың проблемалары талқыланды, сондай-ақ әлемдік жетекші компаниялар – Ресейдегі Отто Бокк концерні, Шығыс Еуропа елдеріндегі «Cochlear» компаниясы, «Meyra-Ortopedia» Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, В.М. Бехтерев атындағы Санкт-Петербург психоневрологиялық ғылыми-зерттеу институты, Швецияның «SCA» компаниясы – әлемдік протездеу практикасын (мүмкіндіктерді арттыратын технологиялар) баяндады;
  • қол-аяқты ампутациялау және протез-ортопедиялық көмек көрсету бойынша бірлескен пилоттық жоба жүзеге асырылды: Травматология және ортопедия ҒЗИ травматологы мен «РПОО» АҚ маманы (ПФ Астана қаласындағы шеберханасының меңгерушісі) Астана қаласындағы пациенттің аяқ-қолын ампутациялау деңгейі бойынша отаға дейінгі консультация; сол аяқтың санның үштен бірінен орта бөлігінде ампутациялық ота; отадан кейінгі оңалту; протездеуге оңалтудың жеке бағдарламасы әзірленді; «РПОО» АҚ Петропавл филиалының протезистері протез жасау үшін тұқылдың көшірме бедерін алды.

Пилоттық жоба нәтижелерін ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) шеңберінде «РПОО» АҚ мен Травматология және ортопедия ҒЗИ өзара іс-қимылын жалғастыру көзделіп отыр.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 10-тармақты орындалған деп есептеп, оның жүзеге асырылуы Жоспардың үшінші кезеңінде жалғасуына байланысты, бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

ҚР ДСӘДМ 2014 жылдан бастап кохлеарлық имплантациядан (бұдан әрі – КИ) кейін балалардың ауызекі сөйлеу тілін есту қабілетін дамыту үшін есту қабілеті бұзылған балаларды есту-сөйлеу арқылы бейімдеу (оңалту) жүргізуді бастамашылық етті, өйткені есту-сөйлеуге бейімдемей (оңалтпай) бұл ота тиімсіз болып саналады.

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен:

2014 жылы – 40,3 млн. теңге (170 мүгедек балаға);

2015 жылы – 64,9 млн. теңге (200 мүгедек балаға) қаражат бөлінді.

2014 жылы үш өңірде амбулаториялық жағдайда есту-сөйлеуді оңалту бойынша екі апталық курстар өткізілді: Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында – 34 бала, Алматы қаласында – 92 бала, Астана қаласында – 44 бала есту-сөйлеу бойынша оңалтудан өтті. Балалар елдің  әр түкпірінен шақыртылды.

2015 жылы КИ-ы бар 200 балаға, олардың ішінде:

  • 110 бала күндізгі бақылау (амбулаториялық) жағдайында: Ақтөбе қ. –   40 балаға (Ақтөбе, БҚО, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан), Қарағанды қ. – 38 балаға (Қарағанды, Ақмола, ШҚО, Павлодар, Қостанай, СҚО және Астана қ.), Алматы қ. – 32 бала (Алматы қаласы мен Алматы облысынан);
  • тәуліктік бақылау (стационарлық) жағдайында Казақстанның барлық өңірлерінен 90 балаға: Алматы облысының Қапшағай қаласында («Алтын Эмель» пансионаты) – 50 балаға, Алматы қ. («Алтын Қарғалы» шипажайы) –  40 балаға есту-сөйлеу бойынша оңалту қызметі ұсынылды.

Қазіргі таңда ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы КИ-ы бар 370 мүгедек бала осындай қажетті оңалтудан өтті. Балалармен әр сала мамандары: сурдопедагогтар, логопедтер, психологтар, есту бойынша протездеушілер, аудиологтар, т.б. жұмыс жасады. Бұдан басқа, тәжірибе алмасу және үйрену мақсатында Украина мен Ресейден мамандар шақыртылды.

Жүргізілген жұмыстардың аясында КИ-ы бар балалардың ата-аналары да кеңестер алды, өйткені есту-сөйлеу бойынша оңалтудың нәтижелілігі көбіне ата-аналар мен мамандардың бірлесіп, жүйелі түрде, үзіліссіз, үй жағдайында да сабақтарға күш салуына байланысты болып келеді.

Сондай ақ, 2015 жылы өткізілген есту-сөйлеуге оңалту қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігіне (бұдан әрі – ҚР БҒМ) сурдопедагогтарды дайындау үшін мемлекеттік тапсырысты көбейту қажеттілігі жөнінде хат жолданды.

Бұл қажеттілік жұмыс істеп тұрған 40 сурдологиялық кабинеттің (балаларға арналған 19, ересектерге арналған 12 және 9 аралас) тек 13-інде ғана (32,5 %) келген науқастарды терең аудиологиялық тексеруден өткізіп, есту-сөйлеу бойынша оңалту жүргізетін сурдопедагогтардың барына байланысты болып отыр.

Сонымен қатар, ҚР БҒМ ақпараты бойынша 2015 жылдан бастап «Дефектология» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс арттырылған  (2015 ж. – 265 грант, 2013 ж. – 245 грант). 2014 – 2015 жылдары 2 357 мектеп педагогы инклюзивтік білім беру бойынша, оның ішінде 800-і – арнайы білім  (дефектология) бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Есту-сөйлеуге оңалту – есту қабілетін дамытуға, танымдық дағдылардың қалыптасуы мен автоматтандырылуына, танымдық белсенділіктің, тілдің дамуына бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін ұзақ түзеу-педагогикалық жұмыс екенін айтып өткен жөн.

Түзеу-педагогикалық жұмысты айқындау, білім беру ұйымдарында білім алу түрін, нысанын анықтау үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (бұдан әрі – ПМПК) мамандары диагностика мен тексеру жүргізеді.

Елде барлығы 56 ПМПК, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған жалпы білім беретін 18 мамандандырылған мектеп, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 5 арнайы балабақша жұмыс жасайды.

Жүрігізіліп жатқан іс-шаралардың жалғасы ретінде 2016 жылы 250 КИ-ы бар мүгедек балаға осындай қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен 115,9 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, 11-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Жіті және созылмалы кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу және есепке алуды науқастың (зардап шеккеннің) зиянды өндірістік факторлармен байланыста болған негізгі жұмыс орны бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомстволары жүргізеді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі мемлекеттік органдарда автоматтырылған талдауға  жататын Кәсіптік ауруды (улануды) есепке алу карталары жүргізіледі.

Жұмыскерде пайда болған аурудың (уланудың) кәсіптік сипатын анықтайтын құжаттардың бірі тексеру қорытындылары бойынша жұмыс беруші жасаған өндірістегі жазатайым оқиға туралы акт болып табылады.

Қауіпті және зиянды факторлары бар өндірістердегі кәсіптік аурулар мен еңбек жарақаттарының мониторингі мен есебін жүргізу жүйесін жетілдіру мақсатында:

  • Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары[1] шеңберінде кәсіптік аурудың диагнозын белгілеу және растау кезеңін, сондай-ақ медициналық құжаттарды толтыру және табыстау мерзімдерін көрсете отырып, халықтың кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібі қайта қаралған;
  • Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларының және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларының[2] шегінде халықтың арасындағы улану және кәсіптік аурулар бойынша есептіліктің мерзімі және тәртібі қайта қаралды (анықтама: кәсіптік патология орталықтары және кәсіптік аурулар клиникалары халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының облыстық аумақтық бөлімшесіне есеп береді, олар жинақ есепті ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосына береді);
  • ақпараттық жүйелерді жаңғырту бойынша іс-шаралар жоспары шегінде «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» АЖ жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда:

мемлекеттік еңбек инспекторларына Өндірістегі жазатайым оқиға туралы актілерді тіркеу мүмкіндіктері берілді;

«Өндірістік объектерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау» модулі әзірленді, ол арқылы ағымдағы жылы тәжірибелік пайдалануға енгізу үшін статистикалық есептік нысандар жүзеге асырылатын болады;

«Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» АЖ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен ЭҮШ арқылы ықпалдастырылды.

Айтылғанды ескере отырып, 13-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

 


[1] ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы

[2] ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығы

Еңбек жағдайлары ерекше қауіпті және зиянды ұйымдарда медициналық тексерулер өткізу тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған жол картасы қабылданды (ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі 22.07.2014 ж. № 405 бекіткен) (бұдан әрі – Жол картасы).

Жол картасын іске асыру шеңберінде:

  • міндетті медициналық қарап тексерудің тәртібі мен мерзімділігін айқындайтын Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары (ҚР ҰЭМ м.а. 24.02.2015 ж. № 128 бұйрығы);
  • міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі (ҚР ҰЭМ 28.02.2015 ж. № 175 бұйрығы);
  • қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған жіті және созылмалы кәсіптік аурулар (уыттанулар) тексерілуге және есепке алынуға жататынын айқындайтын Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру қағидалары (ҚР ҰЭМ 23.06.2015 ж. № 440 бұйрығы);
  • инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидалары және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидалары (ҚР ҰЭМ 24.06.2015 ж. № 451 бұйрығы);
  • ауыр жұмыстар, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстар саласында, жерасты жұмыстарына еңбек шарттарын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобындағы адамдарды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесі (ҚР ДСӘДМ 22.05.2015 ж. № 379 бұйрығы);
  • Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты (ҚР ДСӘДМ 28.12.2015 ж. № 1032 бұйрығы) бекітілді.

Қабылданған нормативтік актілердің басты мақсаты жұмыс істейтін халықтың денсаулығы, кәсіби және жалпы аурулардың алдын алу мен азайту, кәсіби аурулардың ерте мерзімдегі нысандарын анықтау және кәсіби аурулары бар науқастарды диспансерлеуді жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіби аурулардан пайда болған мүгедектікті, өлімді азайтуды, халықтың өмір сүруін ұзарту, еңбекке қабілеттілік кезеңін арттыру болып табылады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 14-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

ҚР ДСӘДМ мен Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ҒЗИ  мамандары ерекше қауіпті және зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды қоса алғанда, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылуын белгілеу тәсілдерін жетілдіру мақсатында МӘС-ке жіберу рәсімін оңайлату үшін ұсыныстар әзірледі. Әзірленген ұсыныстар «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығында көрiнiсiн тапқан:

  • организм функцияларының шамалы білінетін бұзылушылықтары бар және медициналық оңалтуды жүргізу үшін көрсетілімдер болмаған жағдайларда, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу (бұдан әрі – КЕА) дәрежесін белгілеу мақсатында МӘС-ке жолдаған кезде қызметкерлерді еңбекке уақытша жарамсыздық парағында ұзақ (4 айға дейін) байқау қажеттілігі алып тасталды;
  • бірнеше кәсіптік ауру және/немесе еңбек жарақаты үйлесу жағдайларында КЕА дәрежесін белгілеу нормалары нақтыланды;
  • КЕА дәрежесін белгілеген кезде жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің жұмысы тоқтатылған немесе заңды тұлға жойылған жағдайда еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттанумен немесе аурумен себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімінің көшірмесін қабылдау мәселесі реттелді;
  • сондай-ақ КЕА төлемін есептеу өзгеруіне байланысты негізгі және ілеспелі диагнозды, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы деректерді көрсетіп, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтаманың және көшірмесінің нысандары өзгертілді.

Сонымен бірге, кәсіптік аурулар кезінде сапалы және жүйелі көмек көрсету мақсатында меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейдегі медициналық ұйымдарда кәсіптік патология бойынша көмек көрсету тәртібін белгілейтін Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты (ҚР ДСӘДМ 28.12.2015 ж. № 1032 бұйрығы) қабылданды.

Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мақсаты зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен болатын кәсіптік ауруларды ерте анықтау және төмендету, мүгедектікті төмендету арқылы Қазақстан Республикасының жұмыс істейтін халқының күтілетін өмір сүру ұзақтығы мен еңбекке қабілеттілігін арттыру болып табылады.

КЕА белгілеуді жетілдіру және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстар нормативтік құқықтық актілерде көрiнiсiн тапқанын ескере отырып, осы тармақты бақылаудан алып тастауды сұраймыз.

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша жағдай жасау мақсатында ұсыныстар әзірленген болатын, олар Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және оны жүзеге асыру үшін қабылданған заңға тәуелді актілердің қағидаларында іске асырылды.

Еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын талаптарды күшейту мақсатында Еңбек кодексінде бұл қызметті еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге  аттестаттау жүргізу қызметін жүзеге асыратын, білікті кадрлары және өзінің құрамында сынақ зертханалары бар мамандандырылған ұйымдар ғана жүргізетіні көзделген. Бұған қоса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап сынақ зертханаларын аккредиттеу бойынша талаптар қолданысқа енгізілетін болады.

Жұмыс берушілерді ынталандыру мақсатында еңбек инспекциясының  жергілікті органдары кәсіби одақтармен және өңірлік кәсіптік палаталармен бірлесіп, 2014 – 2015 жылдары жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша кәсіпорындар қызметін ерікті түрде декларациялаудың пилоттық жобасын Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарында жүзеге асырды. Жоба нәтижесі бойынша «Сенім сертификатының» иегері атанған 24 кәсіпорын жоспарлы тексеруден босатылды.

Қазір уақытта жұмыс берушінің қызметін декларациялау бойынша норма Еңбек кодексінде бекітілген. Осы норманы іске асыру мақсатында ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығымен Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидалары бекітілді.

Қатерлерді басқару жүйесін жетілдіру бөлігінде ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және ҚР ҰЭМ-нің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері мен тексеру парағы бекітілген.

«Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ-ны жетілдіру бойынша жұмыс «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ-ны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде. Оның шеңберінде:

  • «Еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау» модулі әзірленді, ол арқылы ағымдағы жылы өндірісте пайдалануға енгізу үшін статистикалық есеп нысандары іске асырылатын болады;
  • «Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі» ААЖ-ны ЭҮШ арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорымен ықпалдастыру іске асырылды.

Жұмыс берушілерді ынталандырудың нақты шаралары енгізілді.

Мысалы, зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес жұмыс берушілер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларын жойған жағдайда міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылу үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайтын кәсіпорындарға мониторинг Өндірістерді, жұмыстарды, кәсіптерді Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жеке қаражаты есебінен төленетін салымшылар міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесіне қосу бойынша ұсыныстарды қарастыру және талдау комиссиясының жұмысы шеңберінде жүргізіледі (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.04.2014 ж. № 201-ө бұйрығымен құрылған).

Баяндалғанның негізінде, 16-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жалпы саны республика бойынша 23 мыңнан астам адамды  құрайды, оның ішінде 6 мыңнан астам адам қайта даярлау және біліктілігін арттыру қурстарынан өтті. Білікті мамандарға қажеттілік 1 мың адамды, олардың басым бөлігін бағалау және қажеттілікті айқындауды жүргізетін қызметкерлер құрайды.

Осыны ескере отырып, 2015 жылы:

  • БҰҰ Даму бағдарламасымен өзара қарым-қатынас аясында еліміздің барлық аймақтарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі 150 әлеуметтік қызметкерге 2 күндік тренинг өткізілді;
  • ЕҚЫҰ қолдауымен еліміздің 4 өңірінде (Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Астана қалаларында) әлеуметтік қамсыздандыру саласының мамандарын үшін адам саудасы құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бір күндік семинар-тренинг өткізілді. Семинар жұмысына 100-ден астам маман қатысты.

 Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы мүгедектер мен қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді оқыту жұмыстары Жамбыл облысында ғана жүргізілген.

Жамбыл облысы бойынша жалпы сомасы 400 мың теңгеге 40 әлеуметтік қызметкерді оқыту ұйымдастырылған.

Аталғанды ескере отырып, 18-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар желісін дамытудың басым бағыттарының бірі әлеуметтік қызмет көрсету нарығына жеке секторды тарту болып табылады. Осыған орай, үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (бұдан әрі – ҮЕҰ) орналастыру үшін  2009 жылдан бастап республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға 3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Нәтижесінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысатын ҮЕҰ-дың саны 4 ҮЕҰ-дан 81-ге дейін көбейді, халықты әлеуметтік қорғау саласында республикалық бюджет есебінен арнаулы әлеуметтік қызметпен қамту 1,5 мыңнан 5,1 мың адамға дейін ұлғайды. Бұл ретте ҮЕҰ:

  • үйде қызмет көрсету жағдайында 65 бөлімшеде 3,3 мың адамды;
  • жартылай стационар жағдайында 55 бөлімшеде 1,8 мың адамды;
  • уақытша болу жағдайында 1 бөлімшеде 27 адамды қамту арқылы қызметтер көрсетеді.

ҮЕҰ-да қызмет алушылар санының өсуі ҮЕҰ жұмысына сенімділік деңгейінің жоғарылағанын, қызмет алушылардың тұрғылықты мекенжайы бойынша қызмет алуға таңдау пайда болғандығын, сондай-ақ әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде бәсекелестіктің дамығанын көрсетеді, бұл көрсетілетін қызметтер сапасына оң әсер ететіндігін атап өту қажет.

Өңірлер бөлінісінде республикалық бюджет есебінен үкіметтік емес сектор арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер еліміздің 14 облысында көрсетіледі. Бұл ретте, Астана қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру тек жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Атырау облысының ақпаратына сәйкес ҮЕҰ көрсететін қызметтерге қажеттілік жоқ.

Арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың көп үлес салмағы Шығыс Қазақстан (21 %), Жамбыл (19 %), Павлодар (13 %), Оңтүстік Қазақстан (12 %) облыстарында байқалады. Аталған қызметтермен қамтылудың аз үлес салмағы Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына (1%) және Батыс Қазақстан облысына (2%) келеді.

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру 2016 – 2018 жылдары да жалғастырылатын болады, бұл мақсатқа республикалық бюджетте 2,9 млрд. теңге қарастырылған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде 19-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Аталған тармақты іске асыру мақсатында ҚР БҒМ-нің 2015 жылғы 20 наруыздағы № 137 бұйрығымен Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілді.

Бұл Қағидалардың басты мақсаты барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, оның ішінде мүгедек балалардың, І және ІІ топтағы мүгедектердің білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінгі күні еліміздің 42 жоғары оқу орнында қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқыту жүргізілуде, онда еліміздің жоғары оқу орындарында білім алатын мүгедектердің (929 мүгедек) 3,3 %-ы (31 мүгедек) оқиды.

Қозғалу және басқа функциялардың орнын толтырушы заманауи техникалық құралдардың пайда болуына байланысты үйде оқитын балалардың сапалы білім алуына және қашықтықтан білім беруді дамыту арқылы әлеуметтік ықпалдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың оң тәжірибесін атап өткен жөн.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 2014 жылы 592 баланың қатысуымен «Әлемге терезе» жобасы іске асырылды, олардың 62 %-ы бюджет есебінен интернет желісіне қосылған.

Павлодар облысында мектептердің интернет-ресурстарында «Үйде оқыту», «Қашықтықтан оқыту» бөлімінде психологтардың және логопедтердің ұсынымдары, сабақтар кестесі,  үй тапсырмалары, сабақтарға материалдар және оқитын пәндер бойынша білімін тексеру үшін тестілік бақылау тапсырмалары орналастырылған.

Батыс Қазақстан облысының үйде оқитын балалары жергілікті бюджет есебінен интернетке қосылған.

Мүгедектерді қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып оқытуды ұйымдастыру мәселесі пысықтылғанын ескере отырып, аталған тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Білім саласындағы заңнама шеңберінде инклюзивті білім беруді дамыту көзделген.

2015 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына инклюзивті білім түсінігін кеңейту және инклюзивті білімді іске асыруға жағдайлар жасау бойынша өзгертулер енгізілді.

Инклюзивті білімді енгізу бойынша ҚР БҒМ Инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту жөніндегі 2015 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешенін және Қазақстан Республикасында Инклюзивті білім беруді дамытудың  тұжырымдамалық тәсілдерін бекітті.

Аталған құжаттарды іске асыру Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес:

  • барлық адамдардың сапалы білім алуға тең қолжетімділігі;
  • нормативтік құқықтық реттеу және ресурстық қамтамасыз ету секілді инклюзивті білім беруді тиімді дамыту көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім берудің тиімділігін бағалау индикаторларының бірі «Ортаның сапасы» (инклюзивтік білім беру үшін жағдайлар жасалған білім беру ұйымдарының үлесі) болып табылады. Осы индикаторға кедергісіз орта, қолжетімді инфрақұрылым, әлеуметтік және медициналық-психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, білім бағдарламаларының және бағалау жүйесінің бейімділігі, тең қарым-қатынас ахуалы көрсеткіштері енгізілген. Индикатор облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтарын дамыту бағдарламаларына енгізілген (мақсат – 2020 жылға қарай мектептердің 70 %-ында кедергісіз орта құру).

ПМПК мәліметі бойынша қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалардың 91,5 %-ы  (130 мың адам) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында, қоғамдық және жеке ұйымдарда түзеу-педагогикалық қолдаумен оқу бағдарламалары бойынша оқытумен, тәрбиемен қамтылған (2013 жылмен салыстырғанда қамтылу 6,1%-ға артты).

Мектеп жасындағы 84,1 мың бала  білім беруге айрықша қажеттілігі бар балаларға арналған 100 арнайы жалпы білім беру мектептерінде (ең көбі ШҚО (15), ОҚО (12), Қарағанды (10) облыстарында) арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқиды.

Арнайы ұйымдарда 6 мыңға жуық педагог жұмыс жасайды. Олардың 32 %-ының дефектологиялық білімі бар. 58 %-ының жоғары педагогикалық білімі бар. Жалпы санынан 25 %-ы педагог дефектология бойынша қайта даярлау курсынан өтті.

Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді іске асырудың проблемалық сұрақтарының бірі білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу болып қалуда. Осы мәселені шешу үшін 2015 жылы «Дефектология» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс көбейтілді (2015 ж. – 265 грант, 2013 ж. – 245 грант).

Білім алуға ерекше қажеттілігі бар 46,3 мың балаға (айқындалған мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан) инклюзивті сыныптарда оқу ұсынылды.

Қазіргі таңда еліміздегі жалпы білім беретін 2 200 мектепте немесе 30,5 %-ында балаларды инклюзивті оқыту үшін жағдай жасалған.

Инклюзивті білім беруді енгізу және дамыту процесіне қоғамдық мониторинг нәтижелері Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырыстарында қаралды.

Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті білім беру ортасына енгізу мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің 2015 жылғы  3 желтоқсанда өткен отырысында қарастырылды.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, 21-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Елімізде өндірістің жаңа технологиялары мен техникалық оңалту құралдарының жаңа үлгілері Алматы, Семей, Петропавл қалаларында өзінің зауыттары бар «РПОО» АҚ және «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК (бұдан әрі – «ӘОДҒПО» РМҚК) базасында әзірленеді және шығарылады.

Қол протездерi, жілiншiк протездерi, жамбас протездерi, кеуде бездерінiң протездерi, ортопедиялық аяқ-киiм, аппарат (ортездер), аппараттарға арналған аяқ-киiм, туторлар, бандаждар, корсеттер, басұстағыштар, аяқ-киiмге қосымша тетiктер өндірістің негізгі түрлері болып табылады.

Бұл бұйымдарды өндіру мүгедектерді оңалту саласындағы мемлекеттік техникалық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады, олардың ішінде бүгінгі таңда 17 ГОСТ қолданылып жүр.

2012 жылдан бастап стандарттарды әзірлеуге шығыс мөлшері 12,8 млн. теңгені құрады: 2012 жылы 6,4 млн. теңге сомасына  4 стандарт, 2013 жылы 3,2 млн. теңге сомасына  2 стандарт, 2014 жылы 3,2 млн. теңге сомасына 2 стандарт.

«ӘОДҒПО» РМҚК 2015 жылы әдістемелік қамсыздандыру шеңберінде  жаңа протездік-ортопедиялық бұйымдарға 5 технологиялық процесс әзірледі: Ортокрилден жасалған аяққа арналған аппарат; Балтыр-табан буынына-табанға арналған тотальды-контактылы, жеңілдететін тутор; Шено корсеті; Сellacast Xtra гильзамен емдік-жаттығу балтыр протезі; Абдукциялық балалар аппараты; Термопластардан жасалған аяқ аппараты; Омыртқаның кеуде-белдік бөліміне арналған мүсінді түзету корсеті.

«РПОО» АҚ қабылдауыш гильзасы шұғыл түрде жасалатын жүйесі бар жаңа технологиялы жіліншік протезі; термолиннен терең тартып жасалатын өлшейтін гильзасы бар жаңа технологиялы сан протезі; силикон-лайнер қабы бар сан протезі  технологиялық процестерін әзірлеп, өндіріске енгізді.

Сонымен бірге, өндіріске фасоны өзгертілген, көмекші құралдардың  ассортименті (ұлтарақтар, бандаждар, корсеттер) кеңейтілген ортопедиялық аяқ киімдердің 7 жаңа түрі өндіріске енгізілді.

Барлық стандарттар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің техникалық реттеу және метрология бойынша ғылыми-техникалық комиссиясымен  келісуден өтеді және бекітіледі.  

ҚР ДСӘДМ 2016 жылы тағы 2 стандарт: «Халықтың жеке тапсырысы бойынша жасаланатын бандаждар» ҚР СТ 60-99; «Халықтың тапсырысы бойынша жасаланатын ортопедиялық корсеттер» ҚР СТ 72-99 әзірлеуді жоспарлаған болатын. 

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, 22-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

«Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына сәйкес «РПОО» АҚ жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесі кіргізілген.

«РПОО» АҚ әлеуметтік қызметтердің және мүгедектерді әлеуметтік қорғау сапасын арттыру, протездік-ортопедиялық көмек көрсету арқылы мүгедектердің қоғам өміріне ететне араласуына тең мүмкіндік құру бойынша еліміздегі бірегей орталықтардың бірі болып табылады және көрсетілетін барлық протездік-ортопедиялық көмек көлемінің 96 %-ын қамтиды.

«РПОО» АҚ қызметінің ерекшелігін ескере отырып, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес ҚР ДСӘДМ тәуелсіз консультантты тарта отырып, кейін сатып алу құқығын беріп, тікелей атаулы сатып алу арқылы «РПОО» АҚ акцияларының 20 %-ын сенімгерлік басқаруға беруді ұсынып отыр. Бұл ретте сенімгерлік басқаруға беру рәсімін 2017 – 2019 жылдардан бастап, кейіннен 2020 жылы сату ұсынылады.

Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді өткізген кезде мынадай шарттар ұсынды:

1. Сенімгерлік басқару мерзімі – 3 (үш) жыл. 

2. Протез жасау мен протездік-ортопедиялық көмек көрсету саласындағы (мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарын, протездік-ортопедиялық бұйымдар мен аяқ киімдерді өндіру және іске асыру) қызмет бейінін сақтау.

3. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдегі № 754 қаулысында көзделген тізбеге сәйкес өнімді Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне, Алматы және Астана қалаларына жеткізу ұйымдастырылуы тиіс.

4. Жыл ішінде кәсіпорынға инвестиция тарту.

5. Протездік-ортопедиялық бұйымдар өндірісіне халықаралық тәжірибе бойынша жаңа заманауи технологияларды енгізу.

6. Объектінің (ғимараттың, құрылғының) инфрақұрылымын сақтау және жақсарту.

7. Мүгедектерге көмек көрсетудің заманауи деңгейін және халықаралық деңгейде бәсекелесу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жаңа дәуірдің техникалық жабдықтарын сатып алу.

8. Акциялар мен жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты мәмілелерді (қайта сату, кепілдікке қою, басқаруға беру және т.б.) 5 (бес) жылдың ішінде мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша ғана жасау. Қызметтерді уақытылы көрсету мақсатында кәсіпорынның қарызға батуына және қызметтің тоқтап қалуына жол бермеу (кәсіпорынның қарыздарын белгіленген уақытында төлеп отыру).

9. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын кеңейту. Өндіріс көлемі қажеттілікке қарай жылына кемінде 2 %-ға көбеюге тиіс, шығарылатын өнім және көрсетілетін қызмет түрлері мен номенклатурасы стандарттарға сәйкес болу қажет, бұл ретте жылына жаңа технологиямен жасалған кемінде 2-3 протездік-ортопедиялық бұйым енгізу қажет; сондай-ақ мүгедектерді кешенді түрде оңалту үшін стационарлардың функцияларын штатына психотерапевтерді, физиотерапевтерді және емдік дене шынықтыру дәрігерлерін қосу бөлігінде кеңейтуді қарастыру қажет.

10. Шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын ҚР ДСӘДМ-мен келісіп отыру. Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың контингентін ескере отырып, бағалар деңгейі «нарықтық» бағалардан асып кетпеуге тиіс.

11. Кәсіпорын жұмыс орындарын көбейту арқылы дамуға тиіс, бұл ретте  жаңа жұмыс орындарын құру кезінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар қарастырылуға тиіс.

Тендерге қатысушыларға қойылатын талаптар – протез жасау және протездік-ортопедиялық көмек көрсету саласында кәсіби тәжірибесінің болуы.

Айтылғанды ескере отырып, 23-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесiнде (ҚР Yкiметiнiң 20.07.2005 ж. № 754 қаулысымен бекітілген) (бұдан әрі – Тізбе) протездiк-ортопедиялық, тифло-, сурдотехникалық, міндетті гигиеналық құралдардың, кресло-арбалардың 32 атауы қарастырылған.

2015 жылдың желтоқсанында Тізбе өзектендіріліп, ескірген сурдо-, тифлотехникалық құралдар заманауи көп функционалды электрондық гаджеттермен ауыстырылды (ҚР Yкiметiнiң 23.12.2015 ж. № 1035 қаулысымен).

Өтініш беру тәртібі, оңалтудың техникалық құралдарын ұсыну шарттары «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен айқындалған. Аталған құралдар мен бұйымдарды сатып алуды жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде жүзеге асырады.

ҚР ДСӘДМ өңірлер әзірлейтін техникалық ерекшеліктерді жинақтады. Оларға жүргізілген талдау көрсеткендей, құралдар мен бұйымдарды сатып алу құралдың қолданылуы, оның сипаттамасы, өлшем параметрлері бойынша жүргізіледі. Талдау барысында сатып алынатын құралдарға бұйымдар мен құралдарды пайдалану кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары жоқ екені анықталды.

Аталған мәселені шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1191 қаулысымен бекітілген «Мүгедектерді оңалтудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар» техникалық регламенті өңірлерге назарларына жеткізілді, ол кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасындағы тауарлардың жіктемесі бойынша кодтары бар мүгедектерді техникалық оңалту құралдарына қолданылады.

Елімізде техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының 32 атауының әрқайсысы бойынша жалпы техникалық талаптар жоқ екендігін атап өткен жөн.

Жалпы техникалық талаптарды әзірлеу үшін климаттық сыртқы әсер етуші факторларға төзімділігі бойынша талаптарды, сенімділік талаптарын, құралдардың жинақталуын, сынақтан өткізу тәсілдерін және т.б. білу қажет. Сәйкесінше оңалту құралдарының жалпы техникалық шарттарын әзірлеу тар бейінді білікті мамандарды жұмылдыруды талап етеді.

Осыны ескере отырып, ағымдағы жылы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жоба шеңберінде халықаралық сарапшыларды тарта отырып, оңалтудың техникалық құралдарының жалпы техникалық шарттарын әзірленетін болады, одан кейін регламенттер ҚР ДСӘДМ-нің аталған нормативтерді қабылдауға құзыреті болмауына байланысты Техникалық реттеу комитетіне бекітуге жолданатын болады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 24-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Елімізде оңалтудың техникалық құралдарын шығаруды «ӘОДҒТО» РМҚК, Семей, Петропавл, Алматы қалаларында филиалдары бар «РПОО» АҚ жүзеге асырады.

Қазіргі таңда «РПОО» АҚ және «ӘОДҒТО» РМҚК-нің барлық филиалдары мен стационарлары пандустармен, лифтілермен, көтергіш платформалармен, баспалдақ көтергіштермен, едендер мен баспалдақтарға арналған тайғанамайтын материалдармен, мүгедектерді қолдауға  арналған тұтқырлармен және т.б. жабдықталған.

2015 жылы:

  • «РПОО» АҚ филиалдарының базасында 13,6 мың мүгедекке, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 11,6 мың адамға, ақылы қызметтер бойынша – 2,0 мың жанға протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер ұсынылды;
  • «ӘОДҒТО» РМҚК базасында 267 адамға, оның ішінде 132 мүгедекке мемлекеттік тапсырыс бойынша протездік-ортопедиялық көмек, 29 мүгедекке ақылы қызметтер, 106 мүгедек балаға сөйлеу процессорын ауыстыру қызметтері көрсетілді.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, 25-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

ҚР ДСӘДМ 2014 жылы сыйымдылығы шағын үйлерді құру бойынша халықаралық тәжірибеге және елдегі сыйымдылығы шағын үйлердің жағдайына талдау жүргізді. Оның нәтижесі бойынша Қазақстанда сыйымдылығы шағын үйлер жүйесін дамытудың орындылығы мен қажеттілігі туралы ұсыныстар әзірленді.

Дәл осындай әлеуметтік мекемелерді дамытудың тиімділігі қуаттылығы жоғары интернат үйлерде тұру кезінде адамдардың тығыз орналасуына, көрсетілетін қызмет сапасының және азаматтардың социумдағы әлеуметтік бейімделу деңгейінің төмендеуіне, туыстық отбасылық байланыстардың жоғалуына алып келуімен негізделеді.

Әзірленген ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында ҚР ДСӘДМ БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, 2015 жылы арнайы бір ауылдық өңірде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін сыйымдылығы шағын үйді құру бойынша пилоттық жобаны іске асырды.

Конкурстық рәсімдердің  қорытындысы бойынша 2015 жылғы қарашада стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік стандартына сәйкес сыйымдылығы шағын үйді дамыту үшін «ЛАД» коммерциялық емес қайырымдылық мекемесіне (ШҚО Зырян ауданы Парыгин ауылы) грант ұсыну туралы келісімге қол қойылды.

Сыйымдылығы шағын үйлер жүйесін одан әрі жетілдіру ҚР ДСӘДМ мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арасындағы облыс тұрғындарын нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мен қолдаудың атаулылығын күшейту жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған меморандумдар шеңберінде қарастырылған.

Қазақстанда бүгінгі таңда қуаттылығы 50 төсек-орындық жалпы саны 414 қызмет алушылардың санын құрайтын 11 ұйым қызмет көрсететінін атап өту қажет: Ақмола (2), Шығыс Қазақстан (1), Батыс Қазақстан (5), Қарағанды (1), Павлодар (2) облыстарында. Ең аз қуаттылық Есіл, Бурабай аудандарындағы Державин, Шарбақты, Шыңғырлау мекемелеріндегі сыйымдылығы шағын үйлерде (12-ден 15-ке дейін тұрғындар).

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасында жобалаудың есептік мерзімінде жобалық қуаты 50 орыннан аспайтын «шағын» жасақты интернат үйлерін салу және 10-нан 50-ге дейінгі жататын орынды құрайтын күндізгі келіп-кету бөлімшелері түріндегі әлеуметтік қамтамасыз етудің баламалы нысандарын дамыту көзделген.

Аталғанды ескере отырып, 26 тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді.

Жұмыссыздардың, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін 2015 жылға арналған өңірлік Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарлары әзірленіп, бекітілді.

2015 жылы Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі 9 мыңнан астам адамды қамту көзделген болатын. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 мыңға жуық мүгедек, оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 6,7 мың адам немесе жоспардың 140 %-ы жұмысқа орналастырылды.

Оның ішінде аумақтарды дамыту бағдарламалары аясында 8,9 мың мүгедек мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған, оның 3,4 мыңы тұрақты жұмыс орнына орналастырылған. 595 мүгедек әлеуметтік жұмыс орнына, 113 – жастар тәжірибесіне, 4,1 мыңы – қоғамдық жұмысқа  жіберілді. 3 % квота шеңберінде 3,3 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды.

2015 жылы мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатарындағы 4,4 мың адам «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысты, оларға келесідей  мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды:

  • әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аумақтарды жайластыру жөніндегі инфрақұрылым жобаларында мүгедектер қатарындағы Бағдарламаға қатысушы 154 адам еңбек етуде; 
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында 163 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша тегін оқыту курстарынан өтті. 348 мүгедек микрокредит алды, олардың ішінде 57,2 % (199 адам) өз ісін ашты. Бұл ретте кәсібін енді бастаған кәсіпкерлер 52 жаңа жұмыс орнын ашты;
  • еңбек нарығында мүгедектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби оқытумен 200 адам қамтылған, олардың ішінде 188 адам оқуын аяқтап, 76,6 % (144 адам) тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды;
  • мемлекеттік қолдау шараларынсыз тұрақты жұмыс орындарына мүгедектер қатарындағы 2 859 адам жұмысқа орналастырылды. Уақытша жұмыс орындарымен 865 мүгедек қамтылған;
  • 2015 жылы отбасы құрамымен 36 мүгедек экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына қоныс аударды.

Бағдарлама аясында жүргізілген шаралар, аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыру республикадағы мүгедектердің еңбек нарығына оң ықпалын тигізді.

Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, мүгедектерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуды Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) шеңберінде жалғастыру көзделіп отыр.

Осыған орай, 28 тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

2014 жылы ҚР ДСӘДМ-нің және БҰҰДБ-ның бірлескен өзара іс-қимылы шеңберінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында мүгедектігі бар 30 жас азаматты Skype бағдарламасымен қамтамасыз ету арқылы «сайт әкімшісі», «аудармашы», «бухгалтер», «журналист», «дизайнер» кәсіптеріне қашықтықтан оқыту бойынша пилоттық жоба іске асырылды.

Жас мүгедектерге үйде оқудың арнайы оқу жағдайы жасалды,  Интернетке қосылды және қажет болған жағдайда – ноутбуктермен қамтамасыз етілді.

Алған білімі мен дағдылары ерекше қажеттіліктері бар жастарға жұмысқа орналасуға, өзінің шығармашылық қабілетін және дағдысын дамытуға көмектеседі.

Осылайша, жоба қорытындысы бойынша оқудан өткен 8 адам жұмыс тапты, 2-еуі – үйде жұмыс жасайды (кәде сыйлық өнімі, сайттарды жасау), 2-еуі – жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырды.

Сонымен қатар жобамен қамтылған жас адамдардың көпшілігі денсаулығының нашарлауына, емделуден өтуіне, күйеуге шығуына, бала күтімімен демалыста болу себебіне байланысты жұмысқа орналаса алмағанын атап өткен жөн.

Жобаны іске асырылуына жүргізілген талдау мүгедектігі бар жас адамдардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттыру мақсатында:

  • мүгедектерге кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және еңбек міндеттерін орындау кезінде оларды сүйемелдеу кезінде консультациялық қызметті кеңейту;
  • жұмысқа орналасуына шын мәнінде сенбейтін жас мүгедектерге психологиялық көмек көрсету;
  • мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін толықтай ашу үшін жұмыс орындарында арнайы жағдай жасау мүмкіндігі туралы жұмыс берушілерді ақпараттандыру қажет екендігін көрсетті.

Аталған ұсыныстарды іске асыру үшін ағымдағы жылы жұмысқа орналасқысы келетін мүгедектер үшін тренингтер, әлеуметтік осал адамдарды, оның ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастырудың түрлі формалары бойынша пилоттық жобалар, сондай-ақ қабылданған Мүгедектің жұмыс орны стандарттары шеңберінде жұмыс орнын құру бойынша жұмыс берушілерге ақпараттық-түсіндіру жұмысы  жүргізілетін болады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 29-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Мүгедектерді жұмыспен қамтуды іске асыру механизмін жетілдіру мақсатында 2015 жылғы 24 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда мүгедектерге арналған жұмыс орындарын (еңбек жағдайлары ауыр, зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде) кәсіпорын қызметкерлерінің орташа тізімдік санына байланысты 2 %-дан 4 %-ға дейін квоталау қарастырылған.

Заңды іске асыру мақсатында Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары әзірленіп, ҚР ДСӘДМ-нің 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен бекітілді.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 30-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Мүгедектерді қоғамның барлық салаларына етене тарту мақсатында 2012 жылдан бастап әлеуметтік және көлік инфрақұрымы объектілерін  паспорттау арқылы олардың жағдайына бағалау жүргізілуде.

2015 жылы барлық өңірлер мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарларын бекітті, олар ҚР ДСӘДМ сайтындағы «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» бөлімінде (http://convention.mzsr.gov.kz/ru/adaptation_maps) орналастырылған.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрымы объектілерін түгендеу және бейімдеу жүргізу мәселесі ҚР ДСӘДМ-нің селекторлық отырыстарында және Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі –Кеңес) отырыстарында тұрақты түрде қарастырылады.

Сонымен қатар, Кеңестің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы хаттамасымен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне объектінің типін (әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт және т.б.) көрсете отырып, елді-мекендер бөлінісінде объектілерді түгендеудің және бейімдеудің 2016 жылға арналған өңірлік жоспарын бекіту туралы тапсырма берілді.

Бұған қоса, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСӘДМ «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» порталын (friendlybuilding.kz) әзірледі, онда елдегі паспортталған және бейімделген объектілер бойынша ақпарат толтырылады. Бұл мүгедектерге әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің және әлеуметтік маңызды ұйымдар көрсететін қызметтердің оларға қолжетімділігі туралы өзекті, нақты және жедел ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) жобасының шеңберінде мүгедектердің жиі баратын жерін ескере отырып, қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарларын жыл сайын бекіту көзделген.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 31-тармақтың жүзеге асырылуы Жоспардың үшінші кезеңінде жалғасуына байланысты, бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Қолданыстағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын түгендеу (паспорттау) 2011 жылы Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі шеңберінде бастау алды және мүгедек адамдар үшін бейімдеуге жататын объектілердің үлесін анықтауға бағытталды.

Аталған бағытты орындау мақсатында Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар[1] қабылданды, олар:

  • мүгедектер үшін бірінші дәрежелі маңызы бар паспорттауға (түгендеуге) жататын объектілер тізімін айқындауды;
  • объектілерге түгендеу жүргізу және қолжетімділікті құрылыс нормаларына сәйкестігіне объектілердің паспорттарын толтыруды;
  • бейімдеуге жататын объектілердің санын айқындау және оларды бейімдеуді көздейді.

Жергілікті атқарушы органдардың кедергісіз орта құру бойынша жүргізілген талдау нәтижесі бойынша 2015 жылы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жалпы саны 50,2 мыңнан 26,4 мың объектіге (52,5 %) паспорттау жүргізу жоспарланған болатын.

Осылайша, 2016 жылғы 1 қаңтарға мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан түгендеу 26,1 мың объектіге жүргізілді, оның ішінде 18,7 мыңы (72 %) бейімдеуге жататыны анықталды.

Бұл ретте Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қ. паспорттау бойынша жұмыстар жоспарланған көлемде жүргізілді. Осы бағыт бойынша жұмыс Қарағанды облысында баяу жүргізілуде, онда жалпы жоспарланған объектілердің 90 %-ы паспортталған.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 32-тармақты орындалған деп есептеп, оның жүзеге асырылуы Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінде (2016 – 2018 жылдар) жалғасуына байланысты, бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

 


[1] «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 12.08.2012 ж. № 328-ө-м және ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 17.08.2012 ж. № 413 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 28.11.2014 ж. № 274 (ҚР ДСӘДМ) және № 120 (ҚР ҰЭМ) бірлескен бұйрығының 2.1-т.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімді ортасын қамтамасыз етуге талаптар дайындау мақсатында Мүгедектерге арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу (паспорттау) жүргізу жөніндегі әдістемелік ұстанымдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР ДСӘДМ-нің 28.11.2014 ж. № 274 және ҚР ҰЭМ-нің 28.11.2014 ж. № 120 бірлескен бұйрығымен).

Енгізілген өзгерістер сәулет және қала құрылысы, құрылыс саласындағы уәкілетті органның деңгейінде объектілердің қолжетімді ортасын қалыптастыруға талаптарды күшейтуге, сондай-ақ өңірлерде паспорттау және түгендеу жүргізу бойынша комиссия құрамын кеңейтуге бағытталған.

Сонымен қатар паспорттау және бейімдеу жүргізу сапасын арттыру үшін объектілердің қолжетімділігі бойынша көпшілігіне тән бұзушылықтарға талдау жүргізілді. Талдаудың қорытындысы бойынша:

  • мүгедектер үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін бағалау парақтары (бұдан әрі – бағалау парақтары);
  • әлеуметтік және көлік объектілерінің қолжетімділігін бағалауға нұсқаулық;
  • объектінің қолжетімділігін тексеру бойынша анықтама әзірленді.

Аталған құжаттар ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетімен (бұдан әрі – Құрылыс комитеті) келісіліп, «Кедергісіз болашақ: қоғамдық мониторинг» науқаны шеңберінде «Нұр Отан» партиясының жиналысында қабылданып, объектілерді паспорттау және бейімдеудің қоғамдық мониторингі бойынша өңірлік қоғамдық кеңестерге жұмыс үшін жолданды.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 33-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Аумақтарды дамыту бағдарламаларының шеңберінде паспорттаудан өткен объектілерді бейімдеу 2014 жылы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде басталды.

Бейімдеуді жүргізу бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі үшін Жұмыспен қамту 2020 жол картасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағытында мүгедектер мен халықтың баяу қимылдайтын басқа да топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі, ағымдағы жөндеу бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу көзделген.

Жергілікті атқарушы органдардың объектілерді бейімдеу бойынша  қызметін талдау 2015 жылдың қорытындысы бойынша 26,1 мың паспортталған әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің 3 985 бейімделгенін көрсетті, оның ішінде:

  • «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» шеңберінде – 109;
  • жергілікті атқарушы органдардың қаражаты шеңберінде – 3 876  объекті бейімделді.

Білім беру (26 %), денсаулық сақтау (13 %), мемлекеттік басқару (13 %) жүйелерінде бейімделген объектілердің саны көбірек.

Бұл ретте, 2015 жылы бейімделген объектілердің жалпы санының ішінде көліктік қызмет көрсету объектілері небәрі 0,5 % және дене шынықтыру және спорт объектілері – 0,8 % құрайды.

«Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі» объектілердің мүгедектер үшін қолжетімділігі көрсеткіші өңірлердің қызметін бағлаудың базалық индикаторына қосылған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша елімізде көрсеткіш 54,5 %-ды құрады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 34-тармақты орындалған деп есептеп, оның жүзеге асырылуы Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінде (2016 – 2018 жылдар) жалғасуына байланысты, бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Бекітілген мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарлары (бұдан әрі –өңірлік жоспар) жыл сайын ҚР ДСӘДМ-нің сайтында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» (http://convention.mzsr.gov.kz/ru/adaptation_maps) бөлімінде орналастырылады.

Өңірлік жоспарларды орындау ҚР ДСӘДМ-нің тұрақты бақылауында және әр түрлі деңгейлердегі отырыстарда: жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткен ҚР ДСӘДМ-нің алқа мәжілістерде (2015 жылғы ақпан, шілде, қараша), «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында селекторлық жиналыстарда (2015 жылғы наурыз, қыркүйек), Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысында (2015 жылғы 3 желтоқсан), ҚР ДСӘДМ-нің селекторлық отырыстарында талқыланды.

Объектілерді түгендеудің және бейімдеудің өңірлік жоспарларын жүзеге асыруға жүргізілген мониторингке сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 26,1 мың объект (жоспарланғанның 99 %-ы) паспортталды.

Бұл ретте жоспарланған көрсеткішті толықтай 100 %-ға Ақмола (3297), Ақтөбе (1094), Алматы (2117), Жамбыл (904), Қостанай (1568), Қызылорда (2326), Павлодар (1215), Оңтүстік Қазақстан (4083) облыстары және Астана қаласы (365) орындады. Паспорттаудың ең төмен көрсеткіші – Қарағанды облысында (90 %).

2015 жылы мүгедектердің мұқтаждықтарын ескере отырып, 3 985 объект бейімдеуден өткізілді, оның ішінде: 1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 3 876 объект; 2) «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» шеңберінде – 109 объект.

Объектілерді бейімдеудің ең төмен көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (28 %), Маңғыстау (31 %) және Батыс Қазақстан (32 %) облыстарында байқалады.

Бақылауды күшейту мақсатында әр тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарға өңірлік жоспарларды орындауды талдауға сәйкес объектілерді паспорттау, бейімдеу және оны сапалы орындау  бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі туралы хаттар жолданды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын арттыру үшін өңірлерде құрамына «Нұр Отан» партиясының, БАҚ, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және азаматтық қоғамдардың өкілдері бар қоғамдық кеңестер шеңберінде 2 199 объекті тексерілді, оның ішінде 1 057 объекті немесе 48% талаптарға сай келді.

«Объектілердің интерактивті қолжетімділік картасы» порталы Жоспардың орындалуын монторингтеудің ұтымды құралы болып табылады, ол Министрліктің интернет-порталында friendlybuilding.kz мекенжайы бойынша орналасқан.

Аталған портал онлайн-режімде елдегі паспортталған және бейімделген объектілер бойынша ақпарат енгізуге, объектінің бейімделу дәрежесін көруге, көрсетілген ақпараттың дәлдігін онлайн-режимде әр объектіні бейімдеу жұмыстарының сапасын бағалау мүмкіндігі берілген азаматтық қоғам арқылы тексеруге мүмкіндік береді.

Объектілерді түгендеу және бейімдеуді мониторингілеу Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) шеберінде жалғасын табатындығын атап өткен жөн.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 35-тармақты Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінде (2016 – 2018 жылдар) жалғасуына байланысты, бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Құрылыс нормалары мен ережелері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалған, онда объектілерді салу сапасын бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау (бұдан әрі – МСҚБ) арқылы жүзеге асырады.

Құрылыс нормалары мен ережелері және басқа нормативтердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңында:

  • лауазымды адамдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымға және көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеуі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғатындығы;
  • жобалау процесі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді сақтамау нормалары мен талаптарына жатқызылуы;
  • мүгедектерге жолаушылар тасымалының, тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің, қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, оларға тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде қолайлы және қажетті жағдайлар жасауды бақылауды қамтамасыз етілуі қарастырылған.

Құрылыс нормалары мен ережелері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында Құрылыс комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің МСҚБ басқармаларына ғимараттарды, құрылыстарды, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімділігі бойынша заңнамалық нормалар мен нормативтердің сақталуы жөнінде хаттар жолдаған болатын.

2015 жылы жүргізілген бақылау қорытындысы көрсеткендей МСҚБ басқармалары мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімділік жөніндегі нормативтерді бұзу бойынша 187 нормативтік талап бұзылғаны анықтады, бұзушылықтарды жою туралы 31 ұйғарым берілді, 72 объект бойынша қабылдау актілеріне қол қоюдан бас тартылды.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 36-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

2014 жылдан бастап ҚР ДСӘДМ-нің бастамасымен объектілерге бейімдеу жүргізудің сапасына қоғамдық мониторинг акциясы жүргізілуде. Бұл іс-шараның мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғамға етене араластыру қажеттігіне жұртшылықтың және барлық азаматтық қоғамның назарын аудару болып табылады.

Осы мақсатта өңірлерде қоғамдық кеңестер құрылды, олардың құрамына БАҚ, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және азаматтық қоғамның өзге өкілдері кірді.

Өткен жылы құрамында ҚР ДСӘДМ Департаменттері бар қоғамдық бақылаудың өңірлік топтары 2 199 объектіні тексерген, олардың ішінде 1 057-сі немесе 48 %-ы ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес келетіні анықтады.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін сапасыз бейімдеу фактілері анықталды, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан (тексерілген 613 объектінің 576-сы сәйкес келмеді), Ақтөбе (тексерілген 53 объектінің 50-і сәйкес келмеді), Атырау (тексерілген 22 объектінің 20-сы сәйкес келмеді), Жамбыл (тексерілген 200 объектінің 120-сы сәйкес келмеді), Қызылорда (тексерілген 60 объектінің 45-і сәйкес келмеді) облыстарында.

Сонымен қатар, қоғамдық бақылаудың өңірлік топтарынан, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен, мүгедектігі бар адамдардан келген хаттар негізінде Департаменттер тексерілген 41 объектінің ішінен мүгедектер үшін қолжетімділік нормативтерін сақтамағаны үшін 30 объектіні 3,5 млн. теңге сомасында әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қоғамдық кеңестердің тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға анықталған ескертулерді болдырмау бойынша шаралар қабылдау туралы хаттар жолданды.

Құрылыс нормалары және қағидалары мен басқа да нормалар талаптарының сақталуына қоғамдық мониторингтің нәтижелері «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратындағы жиналыстарда (2015 жылғы наурыз, қыркүйек), өңірлік үйлестіру кеңестерінің отырыстарында, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысында (2015 жылғы 3 желтоқсан) бірнеше рет талқыланды, онда мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне (келісім бойынша) жаңа объектілерді қабылдау кезінде  қолжетімділікке тексеруге белсене қатысу тапсырылды.

Өңірлерде объектілерді бейімдеу жұмыстарына қоғамдық кеңестердің мониторинг жүргізуі және мүгедектер жиі баратын объектілерді салу кезінде ҚР ҚНжЕ және басқа да нормативтер талаптарының сақталуына жүргізілген қоғамдық бақылау қорытындыларын қарастыру жұмыстары Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) шеңберінде жалғасын табады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 37-тармақтың жүзеге асырылуы Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) шеңберінде жалғасуына байланысты, оны бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

2014 жылға дейін жергілікті атқарушы органдар «Инватакси» қызметін қаржыландыруды және олардың қызметін пайдалануға құқығы бар мүгедектердің санатын анықтауды бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мүгедектер құрған қоғамдық ұйымдар арасында жүзеге асырды.

«Инватакси» қызметін көрсетудің бірыңғай тәртібін анықтау мақсатында 2013 жылы Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау, оның ішінде Инватакси қызметтерін көрсету қағидалары әзірленді және қабылданы. Бұл қағидаларда «Инватакси» қызметінің жұмыс тәртібі мен шарттары қарастырылған.

 «Инватакси» қызметін дамыту мақсатында ҚР ДСӘДМ 2014 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру үшін жыл сайын республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер бөліп келеді. 2014 – 2015 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 163,0 млн. теңгені құрады, оның ішінде 2015 жылы еліміздің 11 өңірінде: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында 11 «Инватакси» қызметін дамытуға 75,0 млн. теңге жұмсалды.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша қазіргі кезде облыстарда 183 «Инватакси» машинасы қызмет көрсетуде, олар өткен жылы 35 мыңға жуық мүгедекке қызмет көрсеткен, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге көп.

«Инватакси» қызметін дамытуға 2016 – 2018 жылдар аралығында республикалық бюджет қаражаты есебінен 375,3 млн. теңге сомасына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырылатын болады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 38-тармақтың жүзеге асырылуы Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі (2016 – 2018 жылдар) шеңберінде жалғасуына байланысты, оны бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Мүгедектерге кедергісіз орта құруға жағдай жасау мақсатында ҚР ДСӘДМ 2014 жылдан бастап мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату мәселесіне  бастамашылық етті.

2014 – 2015 жылдары республикалық бюджеттен 254,7 млн. теңге сомасында 12 жергілікті атқарушы органға ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.

Бөлінген қаражат шеңберінде өңірлерде 12,3 мың жол белгісі мен сілтегіш, оның ішінде ең көп белгі Алматы қаласында (8260 белгі), Қостанай (973 белгі), Атырау (701 белгі), Ақтөбе (550 белгі), Батыс Қазақстан (540 белгі) облыстарында орнатылды.

Бұл ретте, ең аз белгі Солтүстік Қазақстан (268 белгі), Қызылорда (265 белгі), Маңғыстау (251 белгі), Алматы (218 белгі), Ақмола (212 белгі), Жамбыл (110 белгі), Шығыс Қазақстан (22 белгі) облыстарында орнатылған.

Сонымен қатар, 2016 – 2018 жылдарға арналған бюджетте мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жол белгілері мен сілтегіштерін орнату бойынша іс-шараны жалғастыруға 70,9 млн. теңге қаралған.

Осыған орай, аталған тармақты жүзеге асыру Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінде (2016 – 2018 жылдар) жалғасатынына байланысты, бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

ҚР ДСӘДМ мүгедектер үшін қолжетімді орта қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде жүргіншілер өтетін жолдарды 2014 жылдан бастап дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау бойынша бастамашылық етті.

Іске асыру кезеңінде бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 127,5 млн. теңге жұмсалды және 12 облыста 302 жүргіншілер өтетін жолдар дыбыстайтын құрылғылармен жарақталды, оның ішінде 2014 жылы – 181, 2015 жылы – 121.

Ең көп жүргіншілер өтетін жолдар Қызылорда (65), Қостанай (63), Павлодар (40), Жамбыл (33), Ақмола (21), Ақтөбе (21) облыстарында орнатылды.

Жарақталған жүргіншілер өтетін жолдардың ең аз саны Атырау (19), Шығыс Қазақстан (10), Батыс Қазақстан (8), Солтүстік Қазақстан (8), Алматы (6) облыстарында және Алматы қаласында (8) болды.

2016 – 2018 жылдары 500,0 млн. теңге сомасындағы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жарақтау жұмысы жалғасатын болады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 40-тармақтың жүзеге асуы Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңінде (2016 – 2018 жылдар) жалғасуына байланысты, бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

ҚР ИДМ-нің ақпараты бойынша жолаушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Поездарда және вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің ұлттық стандарттары қолданысқа енгізілді. Аталған стандарттар барлық вокзалдарда пандустар орнатуды және мүгедектер арбаларымен қызмет көрсетуді, тамақтану пункттерінде арнайы үстелдердің, қоғамдық дәретханаларда арнайы кабиналардың болуын көздейді.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Заңы (бұдан әрі – 3 желтоқсандағы Заң) шеңберінде қызмет көрсету саласына қарамастан вокзалдарда қолжетімділікті құру бойынша талаптар көзделген: мүгедектердің автокөлігін қоюға арналған орындарды бөлу; ғимаратқа кірер жолдарды, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарды ыңғайластыру; көру және (немесе) есту қабілеттері бұзылған мүгедектер үшін қолжетімді ақпараттық сигналдық құрылғылармен және байланыс құралдарымен жабдықтау; мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы; қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кабиналармен жабдықтау; арнайы таксофондарды орнату; поезд вагондарын вагонға көтергіш құрылғылармен және арнайы орындармен жабдықтау.

Қазіргі таңда 18 бағыт құрамында мүгедек арбаларын көтеруге арналған механизммен жабдықталған 31 вагон жүреді, қозғалысқа ыңғайластыру үшін коридорлар және тамбурлар қайта жабдықталған. Купе 2 жолаушыға арналған: мүгедекке жабдықталған орын және ілесіп жүретін адамға арналған.

Бұған қоса, 2015 жылғы 22 қазанда Астана қ. теміржол вокзалының ғимаратында ҚР ИДМ мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, вокзалдарды Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру бойынша жиналыс өткізді.

Қазіргі таңда «Вокзал-Сервис» АҚ тиісті жұмыстар жүргізуде. Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының есебіне сәйкес 2015 жылдың қорытындысы бойынша сәйкестік 33 %-ды құрады.

Теміржол вокзалдарының жұмысшылары мен жолсеріктер жолаушылар жолыққан кезде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды поезға отрығызу/түсіру бойынша қызметтерді көрсетеді. Аталған міндеттер жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулықтарында бекітілген.

Автомобиль көлігіне келер болсақ, Ұлттық стандарттарда (автовокзалдарға, автостанцияларға, қызмет көрсету пункттеріне және автобустарға «Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері» және «Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері») мүгедектерге қауіпсіз және қолайлы қызметтер көрсету бойынша талаптар көзделген.

Бұл ретте, «Автомобиль көлiгi туралы» Заңның нормалары шаруашылық жүргізуші субъектілерді Ұлттық стандарттарды сақтауға міндеттейді және мүгедек жолаушыларды тасымалдау кезінде басымдықтар береді.

Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларында мүгедектердi автомобиль көлiгiмен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету кезінде: қалааралық автобустарда (II класс), алысқа жүретін автобустарда (III класс), таксиде және «Инватаксиде» мүгедектер үшін қолжетімді көлік ортасын қамтамасыз ету тәртібі мен талаптары (автомобиль көлігін арнайы құрылғылармен, белгілермен және мүгедектерді тасымалдау құралдарымен жабдықтау) қарастырылған. Қағидалар Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға міндетті болып табылады.

Автомобиль көлiгімен тасымалдау саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде тасымалдаушылардан мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау үшін бейімделген жаңа автобустарды сатып алу (немесе бейімдеу) талап етілетін нормалар қарастырылатын болады.

Сондай-ақ, 3 желтоқсандағы Заңда мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған зембілдерді және мүгедектердің кресло-арбасын өздерімен жүк ретінде тегін алып жүру бөлігінде әуе көлігінде тасымалдау тәртібін регламенттейтін норма қарастырылған.

Сонымен қатар, Әуежайларда жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында 2016 жылдан бастап PRM (Persons with Reduced Mobility) халықаралық қызмет көрсету сапасы стандартының болуы  жөнінде талаптар қарастырылған, олар тұрақтау орындарына, тұрақтарға, аялдамаларға, вокзал маңы алаңындағы кездесу орындарына, тұрмыстық қызметтер мен сервистік қызмет көрсетуге; жолаушылар авиатасымалы бойынша қызмет көрсету жылдамдығы және қолайлылығына; ақпараттық қызмет көрсетуге және персоналды даярлауға қойылатын талаптар қояды.

Мүгедектерді әуежайларда және авиакомпанияларда тасымалдау кезінде шекаралық, кедендік бақылаудан және басқа процедуралардан өткенде көмек көрсетіледі, әуе кемесінің салонында тасымалдау үшін арнайы арба беріледі.

6 аэропортта (Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау) арнайы лифтілер, эскалаторлар, бөлмелер, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық белгілер, жарық табло және маңдайшалар, медицина жұмыскерін шақыру кнопкасымен жабдықталған дәретхана бөлмелері бар, 9 аэропортта (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен, Жезқазған) кіреберістер мен шығаберістерде пандустар орнатылған, мүгедектер арбаларын беру көзделген, әжетхана бөлмелерінде арнайы тұтқырлар орнатылған.

«Эйр Астана» және «СКАТ» авиакомпанияларында алдын ала ескертілсе, тіркеу кезінде ұшақ жолына дейін апару, бортқа көтеру және орынға отырғызу, сондай-ақ жолаушылар салонында жетектеуші итті тегін тасымалдау көзделген.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 41-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

2014 жылы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жоба шеңберінде ҚР ДСӘДМ-нің интернет-ресурсындағы арнайы бөлім болып табылатын «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» атауымен ақпараттық портал қолданысқа енгізілді. Порталда мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер, өңірлік жаңалықтар, фотолар және бейнесюжеттер, жұмыспен қамту және объектілерді бейімдеу карталарының іске асырылуы туралы мәліметтер мен оларға мониторинг, ақпараттық кестелер мен сауалнамалар бар (http://convention.enbek.gov.kz).

Осыған орай, аталған тармақты бақылдаудан алуды сұраймыз.

2014 – 2015 жылдардың қорытындысы бойынша жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен (және/немесе субтитрлеумен) трансляциялауды қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 679,6 млн. теңге, оның ішінде 2015 жылы – 362,4 млн. теңге жұмсалған.

Бөлінген қаражат есебінен жыл сайын 14 өңірлік телеарнада күніне 2 жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен трансляциялау қамтамасыз етілді.

Анықтама: Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында.

Сонымен бірге, Павлодар облысында «Қазақстан – Павлодар» жергілікті телеарнасымен аталған жұмысты өтеусіз негізде жүргізуге келісімшарт жасалған.

Аталған мақсаттарға 2016 – 2018 жылдары республикалық бюджетте 798,2 млн. теңге қаралған.

Бұдан басқа, аталған шараларды іске асыру үшін 3 желтоқсандағы Заңда жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарламаны сурдоаудармамен немесе субтитрлер түріндегі аудармамен қамтамасыз етуді регламенттейтін  шаралар қарастырылған.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, аталған тармақты бақылаудан алуды сұраймыз.

Облыстарда мүгедектің құқықтары, міндеттері, оған ұсынылатын оңалту қызметтерінің көлемі мен түрлері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Өңірлік БАҚ-тар қолданыстағы телевизиялық бағдарламалар шеңберінде мүгедектердің мәселелері, әлеуметтік қорғау және мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту саласында мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы сюжеттерді орналастыруда.

Барлық жерлерде үкіметтік емес ұйымдармен мүгедектердің құқықтары мен міндеттерін, қызметтер көрсету, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жалпы орта және кәсіби білім алу және т.б. мәселелерін түсіндіре отырып, мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғаудың өзекті мәселелері бойынша брифингтер, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер өткізілді.

Атқарылған жұмыс мониторингі көрсеткендей, түсіндіру жұмыстарының негізгі тақырыптары келесідей болды:

  • мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жартылай стационар және үйде қызмет көрсету жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері (Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда облыстары);
  • оңалтудың техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдары бойынша мемлекеттік сатып алу өткізу (Павлодар облысы);
  • мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қабылданған мемлекеттік қолдау шаралары (Алматы, Қостанай облыстары);
  • нашар еститін және нашар көретін адамдарға құқықтық көмек көрсету (Маңғыстау облысы).

Жалпы алғанда, өңірлерде 100-ден аса ҮЕҰ-ның қатысуымен 50 мыңнан астам мүгедек ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамтылды.

Сонымен қатар, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында ҮЕҰ-дың қатысуымен белсенді өмір сүру салтын ұстанатын мүгедектердің жетістіктері («Белсенді өмірлік ұстанымы бар мүгедек әйелдер туралы», «Ашық әлем» тақырыптарында) жарияланды.

ҚР ДСӘДМ 2014 жылғы мамыр-маусымда Мүгедектер ұйымдарының одағымен бірлесіп, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қостанай, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында қоғамдық тыңдаулар өткізді.

Сонымен қатар Мүгедектер ұйымдарының одағының төрағасы Ә.Ә. Аманбаев объектілерді бейімдеу, «Инватакси» қызметтерін ұсыну, оңалту құралдарын сатып алу бойынша техникалық ерекшелікті әзірлеу мәселелері бойынша 2015 жылғы қарашада Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 44-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

ҚР БҒМ ақпараты бойынша Брайль оқулықтары 2014 жылы алғаш рет Оқулықтар тізбесіне және оқу-әдістемелік кешендерге енгізілді.

ҚР БҒМ 2015 жылы Брайль қарпімен оқулықтарды әзірлеу және қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге өтінім берген болатын. Алайда аталған бастама республикалық бюджеттен қолдау таппады. Осыған орай бұл іс-шараны Брайль қарпімен оқулықтарды жергілікті бюджет есебінен шығару және кезең-кезеңмен қамтамасыз ету арқылы Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңіне (2016 – 2018 жылдар) енгізуге ұсыныс берілді.

Оқу процесінде электронды оқыту жүйесін пайдалану үшін ҚР БҒМ-нің сурдоаудармасы бар бейнесабақтар порталы құрылды, ол http://mediakurs.kz электронды мекенжайы бойынша орналасқан.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына сурдоаудармасы бар бейнесабақтарды арнайы білім беру ұйымдарының оқу процесінде пайдалануды қамтамасыз ету туралы ақпараттық хат (20.01.2016 ж. № 02-8/12) жолданды.

Сурдоаудармасы бар бейнесабақтарды  (http://mediakurs.kz) дайындауға 87 млн. теңге бөлінді. Порталда 112 бейнесабақ жарияланған, оның ішінде 80-і танымдық, 20-сы оқу-танымдық сипатта, 12-сі – анимациялық фильмдер.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 45-тармақтың жүзеге асуы Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңіне (2016 – 2018 жылдар) жалғасуына байланысты, бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

2015 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттың қолжетімділігі мен оның таралуын қамтамасыз ету үшін учаскелік сайлау комиссиялары сайлау учаскелерінің маңындағы жерлерде және фойеде сайлау қағидалары, мерзімдері туралы ақпараттық стенділер мен сайлау органдарының орналасқан жері туралы маңдайшалар, көрсеткіштер орналастырған болатын. Көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін осы ақпарат үлкейтілген қаріппен рәсімделген.

Сайлау, дауыс беру тәртібі, сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы ақпарат республикалық және өңірлік телеарналар арқылы таратылды, бұл есту және көру қабілеті бұзылған адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері сайлауды өткізу тәртібін және дауыс беру үшін учаскелердің орналасқан жерлерін мүгедектердің ұйымдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

А.ж. 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда сайлану құқығының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР ДСӘДМ жергілікті атқарушы органдарға кандидаттар, сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері, кандидаттардың бағдарламалары туралы ақпараттың мүгедек адамдарға қолжетімділігі бойынша жағдай жасау, сондай-ақ оны барлық қажетті балама қолжетімді форматтарда (ірі қаріптерді, Брайль тілін, ымдау тілін пайдалану және басқа) жеткізу туралы хат жолдады (02.02.2016 ж. № 14-2-24/594-И). 

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, аталған тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Мүгедек адамдарға сайлау құқығының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде сайлау учаскелері ғимараттардың бірінші қабатында орналастырылды, бұл егде жастағы адамдарға, мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскелеріне бара алмаған адамдарға үйде қатысу туралы ерте берген өтініштеріне сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің мүгедектер үйіне баруы ұйымдастырылды.

Бұған қоса, ҚР ДСӘДМ жергілікті атқарушы органдарға а.ж. 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде мүгедектердің үй-жайларға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша хат жолданды (02.02.2016 ж. № 14-2-24/594-И).

Жоғарыда айтылғанның негізінде, 48-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес аумақтық, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларын саяси партиялардың ұсыныстары негiзiнде тиiстi мәслихаттар сайлайды.

Мәслихат белгiлеген, сайлау комиссияларын құру мерзiмiне дейiн бiр айдан кем болмауға тиiс мерзiмде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

Осылайша, 2015 жылғы сәуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Жамбыл, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласында сайлау комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілді және Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстарының әкімдіктері үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін сайлау комиссиясының құрамына енгізу туралы хаттар жолдады.

Сонымен қатар ҚР ДСӘДМ жергілікті атқарушы органдарға а.ж. 20 наурызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен маслихаттар депутаттарының сайлау комиссияларының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін енгізуді қамтамасыз ету бойынша хат жолдады (02.02.2016 ж. № 14-2-24/594-И).

Жоғарыда айтылғанның негізінде, аталған тармақты бақылаудан алуды мүмкін деп санаймыз.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын жұмысты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша уақытылы, сапалы шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 406 бұйрығымен Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүргізу қағидалары бекітілді.

Аталған Қағидаларға мемлекеттік органдар ұсынатын ақпаратты жинақтау, өңдеу және талдау жүргізу арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, оның ішінде ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімділігін бағалаудың мынадай өлшемдері енгізілген:

1) әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың «Қазақстан-2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты», Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында, басқа да стратегиялық құжаттарда айқындалған мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;

2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, аймақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына сәйкестігі;

3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жүзеге асырылған әлеуметтік бағдарламалар, әлеуметтік жобалар шеңберінде халықтың атаулы топтарының қамтылуы;

4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға тартылған үкіметтік емес ұйымдар (қызмет көрсету саласындағы жұмыс тәжірибесі, қызмет саласы бойынша мамандардың болуы, материалдық ресурстарының болуы);

5) әлеуметтік бағдарламалардың, әлеуметтік жобалардың маңызды әлеуметтік салалардағы мақсаттарға қол жетуге ықпалы (әлеуметтік міндеттерді шешудегі нақты нәтижелер).

Ақпаратты өңдеу қорытындысы бойынша уәкілетті орган           республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жылына екі рет қорытынды ақпарат енгізеді.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жоспарлау және іске асыру кезінде уәкілетті органның ұсыныстарын басшылыққа алады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, 53-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

ҚР ДӘСДМ  ҚР ИДМ-мен бірге Мүгедектік проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық ағарту науқанын өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен сөз сөйлеулер дайындау жөніндегі 2015 жылға арналған медиа-жоспарды (бұдан әрі – медиа-жоспар) бекітті.

Медиа-жоспарды іске асыру шеңберінде республикалық және өңірлік БАҚ-та 8 928 материал, оның ішінде республикалық телеарналарда 903 сюжет, республикалық басылымдарда – 545 мақала, интернет-ресурстарда – 1 152 жарияланым, өңірлік БАҚ-та – 6 328 материал, оның ішінде өңірлік телеарналар эфирінде – 2 457 сюжет, өңірлік басылымдарда – 3 130 мақала, өңірлік интернет-ресурстарда – 741 материал жарияланды.

Аталған материалдар мүмкіндігі шектеулі адамдардың тыныс-тіршілігі, оларды әлеуметке кіріктіру жолында кездесетін қоғамдық кедергілер туралы халықты ақпараттандыруға, оларға деген жағымды көзқарас қалыптастыруға бағытталды.

Бұл бағыт аясындағы жұмысқа ҚР ИДМ 100-ден астам БАҚ-ты тартты.

Мысалы, «Хабар» телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде 329 жаңалықтық сюжет, Паралимпиялық ойындар туралы бейнероликтер көрсетілді.

«Қазақстан» телеарнасында 98 жаңалықтық сюжет және 24 бағдарламалық сюжет көрсетілді. «Таңшолпан», «Айтуға оңай», «Жан жылуы» бағдарламаларының шеңберінде мүмкіндігі шектеулі қолөнер шеберлері туралы бейнематериалдар көрсетілді.

«Астана» радиосы мен «Қазақ радиосы» эфирінде 44 жаңалықтық сюжет, «Бірінші байлық» бағдарламасы эфирінде «Мүгедектігі бар адамдарға арналған медицина» тақырыбында сұхбат шықты.

Баспасөз БАҚ-та мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірі жайлы бірқатар ауқымды мақалалар жарияланған. Жалпы, 2015 жылдың ІІІ тоқсанында республикалық баспасөзде 167 мақала шықты.

Мүгедектік проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру жұмысы Іс-шаралар жоспараның үшінші кезеңінің (2016 – 2018 жылдар) аясында жалғасын табады.

Баяндалғанның  негізінде, 55-тармақты бақылаудан алуға болады деп пайымдаймыз.

Аталған тармақты орындау мақсатында ҚР ҰЭМ Статистика комитеті 2014 жылғы 12 мамыр мен 12 маусым аралығында гендерлік ерекшелікті ескере отырып, мүгедек адамдардың өмір сүру сапасы бойынша іріктеме тексерулер өткізді.

Жүргізілген іріктеме тексерулер нәтижесі бойынша қорытынды баяндама шығарылып, ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің интернет-ресурсында жарияланды және шығарылды.

Сондай-ақ, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларына сәйкес қорытынды есеп мүгедектер үшін қолжетімді нысанда – Брайль қарпі мен DAISY стандартында (сандық аудиотасығыштардағы «сөйлейтін» кітаптар) жарияланды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, 56-тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің ақпараты бойынша мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері тарапынан Комитет атына арнайы сұрау хаттар келіп түспеген. Комитеттің ресми интернет-ресурсы көзі нашар көретіндер үшін бейімделген.

Алайда, мүгедектігі бар адамдар туралы статистикалық ақпарат басқа пайдаланушылар тарапынан жоғары сұранысқа ие болғаны байқалады.

Сондай-ақ, көру және есту қабілеті бұзылған мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне статистикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР ДСӘДМ-нің интернет-порталында Әлеуметтік тәуекелдер картасы (devapp.kz) орналасқан. Онда «мүмкіндігі шектеулі адамдар (мүгедек) саны», «кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі бар адамдар», «медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан қарт адамдардың саны», «жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны», «қылмыс деңгейі», «туберкулезбен ауратындардың саны» және басқалар сияқты денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер жүйесі бойынша мәліметтер алуға мүмкіншілік ұсынылған.

Оның негізінде өңірлердегі әлеуметтік әл-ауқат жағдайын мониторингілеу қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» бөлімінде онлайн-режимде мүгедек адамдардың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілеріне жүргізілген бейімдеу жұмыстары бойынша мәліметтерді, мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы ақпараттық сызбаларды, өңірлік жаңалықтарды, нормативтік құқықтық актілерді алуға болады (http://convention.mzsr.gov.kz).

Баяндалғанның негізінде, аталған тармақты бақылаудан алуға болады деп санаймыз.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016 – 2018 жылдар) орындау барысы бойынша ақпарат

2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бойынша шаралар жоспарының үшінші кезеңінің (2016-2018 жылдар) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) орындау шеңберінде мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдар (бұдан ары – ЖАО) мына жұмыстарды атқарды. Іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция нормаларының ережелерін имплементациялауға жағдай жасауға бағытталған бірыңғай кешенді құжатқа айналды. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүруінің барлық салаларындағы объектілер мен қызметтердің қолжетімділік механизмдерін жетілдіру Іс-шаралар жоспарының негізгі мақсаты болып табылады. Іс-шаралар жоспарында 8 бөлім қарастырылған:

Ұсыныстардың негізінде 32 нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік-еңбек саласының салалық заңнамасын қоса инвентаризациялау нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) қабылданды.

Заңда 24 нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар 3 Кодекске өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды, Заң мынаған бағытталған:

  • мүгедектігі бар адамдарға кедергісіз ортаны қалыптастыру үшін, оның ішінде медициналық қызметтерді көрсету саласында жағдай жасау;
  • қолжетімді формада мүгедектігі бар адамдарды ақпаратпен қамтамасыз ету; инклюзивті білім беруді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуді дамыту;
  • есту қабілеті бұзылған адамдардың (кохлеарлық имплантациядан кейінгі есту-сөйлеуге бейімдеуді дамыту, ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету нормаларын ұлғайту) және қимыл-қозғалысы бұзылған адамдардың (міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту) және т.б. өмір сапасын арттыруға.

Қазіргі уақытта, мүгедектердің мүдделерін көтеретін нормалары бар нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық құжаттарды әзірлеу барысында мүгедектердің ҮЕҰ өкілдерін тарту бойынша жүйелік жұмыс ұйымдастырылған.

ҮЕҰ бірлескен жұмыс Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі сияқты консультативтік-кеңесші органдары шеңберінде іске асырылады.

ҮЕҰ бастамасы және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қолдауы бойынша Мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілер институты енгізілген. Қазыргі уақытта 16 өңірдің әкімдерінде (Атырау облысынан басқа), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлерінің мүгедектік мәселелрі жөніндегі кеңесшілері бар.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес заңдардың, қаулылардың, бұйрықтардың барлық жобалары мемлекеттік органдардың ресми сайтында жарияланады және ҮЕҰ келісу процедурасынан өтеді.

Қауымның (социум) тіршілік қарекетінің барлық салаларына мүгедектерді тарту үшін елімізде 2012 жылдан бері әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын, оларды  төлқұжаттау арқылы, бағалау жүргізіліп келеді. Жыл сайын әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын бейімдеудің өңірлік жоспарлары (бұдан ары – өңірлік жоспарлар) бекітіліп жүр. 

Паспорттау мен бейімдеу объектілерінің мониторингін күшейту үшін объектілердің қолжетімділік көрсеткіші «Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі» [1] өңірлердің қызметін бағалаудың базалық нысаналы индикаторлардың тізбесіне енгізілді.

Қолжетімділікті бағалау 2018 жылы паспортталған объектілердің жалпы санынан 97% объектілердің қолжетімділгін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Барлық жерде әлеуметтік және транспорт инфрақұрылым объектілерін паспорттау мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаны дамыту үшін ғана негіз салмай, сондай-ақ мемлекетте мүгедектік мәселелеріне қауымның өзгеруіне әсер етті.

Еңбекминімен «Қолжетімді орта» интернет-порталын жүзеге асырады, порталда жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде еліміздің паспортталған және бейімделген объектілері бойынша ақпаратты жаңартып отырады. Портал жүргізілген іс-шаралардың азаматтық қоғам үшін онлайн-режимінде әрбір объектінің бейімдеу сапасына баға беруге ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта «Қолжетімді орта» порталына 31 мыңнан астам объектілер бойынша деректер енгізілді, оның ішінде: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, мемлекеттік органдар, сауда, қызмет көрсету және т.б. объектілер.

Еңбекминінің аумақтық департаменттері тұрақты негізде мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Осылайша, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңдарының сақталуы бойынша 604 іріктемелі, жоспардан тыс және өзге де бақылау түрлері, оның ішінде мүгедектерге мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет, көліктік қызмет көрсету және т. б. салаларында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына қолжетімділігіне қамтамасыз етпеген нысандар бойынша тексерулер жүзеге асырылды.

Нәтижесінде, 442 бақылау субъектілері бойынша ұйғарымдар және анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешімдер, оның ішінде 134 әкімшілік (ӘҚБТ Кодекстің 83, 84-баптары) жалпы сомасы 33,4 млн. теңгеге айыппұлдар салынды.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын және өмір сапасын жақсарту мақсатында Іс-шаралар жоспары шеңберінде мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдар орналасқан жерлерде 17 043 жол белгілері мен сілтегіштері орнатылды және 540 жүргіншілер өтетін жолдарды дыбыстайтын құрылғылармен жабдықталды.

Өңірлерде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауды қамтамасыз ететін 280 мамандандырылған машиналары бар 15 «Инватакси» қызметі құрылды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрі – ИИДМ) ақпараты бойынша теміржол көлігі саласында Жолаушыларға қызмет көрсетудің ұлттық стандарттары, Жолаушыларды тасымалдау қағидалары қолданыста, оның шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға тиісті жағдай жасалады:

  • әртүрлі бағыттарда 22 маршруттың құрамында мүгедектер мен халықтың ЖШТ арналған 37 бірлік мамандандырылған купе вагондары жұмыс істейді (екі орынды купе: мүгедектерге және бірге жүретін адамдарға арналған орындар).

Облысаралық қатынастар бойынша жүретін барлық құрамдардың поездарында мүгедектерге арналған арбалар бар және жолаушылар жүгінген жағдайда мүгедектер мен халықтың ЖШТ отырғызу/түсіру бойынша қызметті көрсетеді. Бұл міндеттемелер теміржол вокзалдарының қызметкерлері мен жолсеріктерінің лауазымдық нұсқаулықтарында бекітілген.

  • «Тұлпар-Тальго» поездарында мүгедектер мен халықтың ЖШТ арналған орындарға 70% жеңілдік белгіленген, сондай-ақ 50% көлеміндегі жеңілдікті басқа да жолаушылар пойыздарына енгізу жоспарлануда.
  • транспорттық қолжетімділік деңгейін арттыру үшін жылсайын мамандандырылған жолаушылар вагоны сатып алынды.   

Ағымдағы жылы мүгедектер мен халықтың ЖШТ үшін 40 стандартты вагондарды қайта жабдықтау жұмыстары басталды (қазіргі уақытта 8 вагон қайта жабдықталды).

  • (қолданыстағы 302 вокзалдан) 136 вокзал толықтай Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді.
  • вокзалдарда 41 бірлік жылжымалы индукциялық жүйе орнатылды.

Жолаушылар вагондарына отырғызу үшін Астана-1, Көкшетау, Бурабай курорты, Қостанай, Қарағанды, Семей, Защита, Алматы-1, Алматы-2, Жамбыл, Шу, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау, Маңғышлақ, Бейнеу вокзалдарына 19 бірлік мүгедектердің кресло-арбаларының көтергіштерін жеткізу жоспарланып отыр.

  • жылсайын пандустар мен түсіп-шығу құрылысына құрылыс материалдарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Вокзал аумағында және ғимаратында вокзал қызметкерлерін шақыруға арналған шақыру батырмалары орнатылды.

Автомобиль көлігі саласында автокөлік кәсіпорындарының 98%-ы жеке меншік.

Осыған байланысты, ИИДМ өз деңгейінде автомобиль көлігі саласында нормативтік құқықтық базаны жетілдіру шаралары қабылдануда.

Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде мүгедектер мен халықтың ЖШТ үшін қол жетімділік пен қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған автовокзалдар мен автостанцияларға қойылатын міндетті талаптар көзделген.                        

Бүгінгі күні елде 36 автовокзал және 111 автостанция жұмыс істейді, соның ішінде 26 автовокзал және 51 автостанция мүгедектер мен халықтың ЖШТ үшін қол жеткізу, қауіпсіздік, хабардар болу және қолайлы жағдай жасау бойынша талаптарын көздейтін «Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері «СТ РК 2271-2012» ҚР Ұлттық стандартына сәйкес келеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңында жалпы пайдаланымдағы көлікті мүгедек жолаушылардың отырып-түсуіне арналған құрылғылармен жабдықтау туралы талабы белгіленген.

Осыған орай, жолаушыларды тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізген кезде, мүгедектердің пайдалануына бейімделген көлік құралдары бар жеке және заңды тұлғалар басымдылыққа ие болады.

Автобустар жаңарған сайын қоғамдық көлік мүгедектер мен халықтың ЖШТ үшін қолайлы болады.    

Әуе көлігі саласында бүгінгі күні қазақстандық әуе компаниялар мүмкіндігі шектеулі жандарға жайлы және кедергісіз қызметтер ұсынады (агенттер мен экипаждардың арнайы қызметтері).

Мүгедектер мен халықтың ЖШТ үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету үшін жолаушылар терминалын жобалау және құрылысын жүргізу барысында жеңіл әрі оңай өту үшін пандустар мен өзге де конструкциялар қарастырылған.

Мысалы, Алматы әуежайында перронға және автомобильді қою аймағына өту жолдарында 7 пандус бар, ал астана әуежайындағы 2 терминалда 11 пандус орнатылған және 2 автомобиль амбулифттары жұмыс істейді.

Пайдаланушылар мен ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру қызметін тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасы әуежайларын сертификациялық және инспекциялық тексеру жоспары бекітілді. Аталған тексерулер аясында жүріп-тұруы шектеулі топтарға жататын жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы тексеріледі және нәтижесінде оларды жою жөнінде акт пен бағдарлама жасалады.

Министрліктің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығымен бекітілген Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау қағидалары шеңберінде жеке пайдалануға арналған жолжүгі ретінде зембілдер мен кресло-арбаларды тегін алып жүруге рұқсат беретін өзгерістер енгізілді.

Өтініштердің жиі түсуіне байланысты, Қағидаларда ұшу кезінде (зембілде тасымалданатын жолаушыларды қоспағанда) мүгедектермен ілесіп жүруші адамның міндетті түрде болуы туралы талаптың күші жойылды. 

Сондай-ақ, Министрлік ұшу кезінде жауапкершілік туралы декларацияға қол қою жөніндегі әуе компаниялардың талаптары алынып тасталды. Енді жолаушылар ұшқан кезде орын алуы мүмкін, яғни, денсаулығына келтірілген зиянға жауапкершілік алу туралы құжаттарға қол қою міндетті емес.

Мысалы, Қоғамдық бірлестіктердің өтініштері бойынша, Министрлік аталған талапты алып тастау бойынша «Bek Air» авиакомпаниясына инспекторлық ұйғарымды жолдады. Нәтижесінде, «Bek Air» авиакомпаниясы осы талабы алынып тасталынды.

«Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық ұйымының шағымын ескере отырып, қазіргі уақытта Министрлікпен мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қажетті құралдарды қол жүгінде тасымалдауға рұқсат ету бөлігінде әуе көлігінің қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізу мәселе қарастырылуда.

 


[1] «Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығы

Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін ескере отырып, мүгедектікті белгілеу жүйесін жетілдіру шеңберінде іс-шаралар толық көлемде орындалды және динамикада Еңбекминімен оларды жетілдіру және дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. 

2016 жылдан бастап композиттік қызмет енгізілді, өтініш беруші МӘС бөліміне өтініш білдіріп, мүгедектікті және жалпы жұмыс істеу қабілетінің жойылу дәрежесін алғашқы белгілеу кезінде мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны және жұмыс істеу қабілетінен айырылу жағдайында әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш бере алады.

2017 жылдан бастап Еңбекминінің және ДСМ ақпараттық жүйелерін интеграциялау негізінде медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама электрондық форматта беріледі, бұл мүгедектікке алғаш рет шығу талдауын, оның ішінде динамикада бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Мүгедектікті белгілеумен байланысты композиттік мемлекеттік қызметтер шеңберінде мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету бойынша 2018 жылға арналған жол картасы шеңберінде ақпаратты жүйелерді интеграциялау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілді және «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін мүгедектік бойынша жәрдемақы проактивті түрде тағайындалады, яғни өтініш берушіге мүгедектік бойынша жәрдемақыны тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды қоса тіркеп өтініш берудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, мүгедектің оңалтудың жеке бағдарламасын орындау бойынша іс-шаралар проактивті түрде іске асырылады, мүгедектің жергілікті атқарушы органдарға жүгіну қажеттілігі жойылады.

Бұдан басқа, 2017 жылы «Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін ескере отырып мүгедектікті белгілеу критерийлерінің балдық жүйесін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу» зерттеу жүргізілді.

Зерттеу жұмысында халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде, республикада қолданылатын диагностика хаттамаларын және аурулады емдеуді, сондай-ақ әдебиет деректерін ескере отырып, 10-шы қайта қарау халықаралық аурулар жіктемесі бойынша әрекеттегі параметрлеріне сәйкес және Тіршілік-тынысы мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық жіктемесінің ережелерін есепке алумен мүгедектікті белгілеудің негізгі критерийлері әзірленді.

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы толтыру үшін міндетті зерттеу тізбесі және объективті деректер ДСМ-ге организм функцияларының бұзылу дәрежесін бағалау үшін пациенттің жағдайы туралы толық ақпаратты алу мақсатында МӘС-ке жолдаманы толтыру кезінде ескеру үшін жолданды, сондай-ақ қалыптастырылп жатқан ақпараттық жүйеге «Оңалтудың техникалық құралдары» енгізілуде.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып 2018 жылы ісштей куәландырумен қатар мүгедектікті сырттай белгілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылды. Еліміздің жеті өңірінен (Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары, Астана және Алматы қалалары) пациенттің деперсонифицирланған құжаттары автоматты түрде таңдау арқылы барлық республика бойынша мелициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне жіберіледі.

Қажетті мәліметтер ақпараттық жүйелерден алынады, ал мүгедектікті белгілеу туралы шешім қызмет берушінің және азаматтың тікелей қарым-қатынасыз қатар қашықтықтан қабылданады.

Пилоттың қорытындысы бойынша одан әрі қызмет алушының МӘС бөлімдеріне жүгінуді алып тастау қарастырылады.

Бұл ретте, сырттай куәландыруға көшу толығымен көшу ДСМ ақпараттық жүйелерінің, медициналық ұйымдардың медициналық жүйелерінің дайындығына, олардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялануына байланысты және барлық емханалардың, ауруханалардың қағазсыз, цифрлық медициналық құжат айналымына көшуге байланысты.

Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға сәйкес мемлекет мүгедектердің сапалы құралдарға, құрылғыларға және ассистивті технологияларға қолжетімділігін жеңілдету арқылы олардың жеке ұтқырлығын олардың барынша мүмкін дербестік дәрежесімен қамтамасыз етуге арналған тиімді шараларды қабылдауға міндетті.

Мүгедектерге техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын (бұдан әрі – ТКҚ) беру мүгедектердің өмір сапасын арттыруға және олардың дербестігіне жетуіне, әлеуметтік, кәсіби мүмкіндіктердің және өмірдің барлық салаларына қосуға жәрдемдеседі.

Мүгедектерге берілетін ТКҚ-ның бірыңғай тізбесі қабылданды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген), осы тізбе жергілікті атқарушы органдардың, мүгедек адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстарын, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін есепке алумен қайта қаралады және өзектендіріледі.

Іс-шаралар жоспарының шеңберінде ТКҚ Тізбесі 32-ден 55-ке түрге дейін кеңейтілді: ескі сурдо-, тифлотехникалық құралдар замануи көп функционалды электрондық гаджеттерге ауыстырылды, жаңа оңалту құралдары енгізілді, мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормалары арттырылды: жылына жөргектер 480-нен 730-ға дейін, несеп қабылдағыштар 12-ден 365-қа дейін, нәжіс қабылдағыштар 12-ден 365-ға дейін.

2019 жылдан бастап Spina bifida диагнозы бар 35 040 мүгедек балаларды 51,7 млн.теңге сомасында бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз ету қарастырылған.

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың бөлек түрлеріне және арнайы жүріп-тұру құралдарына бірыңғай тәсілдерді белгілеу мақсатында Еңбекмині Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы әдістемелік ұсынымдарды (Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 359 бұйрығымен бекітілді) әзірледі және жұмыс бабында пайдалану үшін жергілікті атқарушы органдарға жолдады.

2017 жылдан бастап оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес естуі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну көлемін жылына отыз сағаттан алпыс сағатқа дейін ұлғайтылды.

2015 жылдан бастап республикада алғашқы рет 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге (бұдан әрі – сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызметтер) ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылды.

2017 жылы сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызметтерімен алғашқы рет ересек мүгедектер (18 жастан асқан) қамтылды.

Мүгедек балаларды толықтай оңалтуын жүргізу және қоғамға интеграциялау үшін 2014 жылдан бастап Еңбекминімен кохлеарлық импланты бар балаларға есту-сөйлеуге бейімдеуді (оңалту) өткізу бойынша іс-шаралар бастама алды.

Кохлеарлық импланты бар мүгедек балаларға есту-сөйлеуге бейімдеуді (оңалтуды) көрсету тәртібін, сөйлеу процессорларын ауыстыру бойынша қызметтерді көрсету тәртібін, кохлеарлық импалттарға сөйлеу процесорларын ауыстыру бойынша қызметтерді көрсету кезінде ескі сөйлеу процессорларын қайтару тәртібін және т.б. айқындау бқлігінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелрі туралы» бұйрығына тиісті өзгертулер енгізілді.

Сонымен қатар, ДСМ ақпарат ұсынылмағанын хабарлаймыз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша (бұдан әрі – БҒМ)  білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (БҒД МБ) іске асыру бойынша жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін мектептердің 70%-нда (5000 мектептен астам) инклюзивтік білім беруді дамыту мақсатында арнайы жағдайлармен қамту қарастырылған.

Бүгінгі күні мектеп жасындағы 45 000-нан астам баланы қамтитын 4000-нан астам мектепте инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасалды.

Соңғы жылдарда ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін жағдай жасаған мектептер үлесінің өсуінің тұрақты үдерісі байқалады.

Қазіргі кезде Ұлттық білім беру деректер қорының деректеріне сәйкес аталған көрсеткіш 60% құрайды.

БҒД МБ-мен көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар үшін (Брайль және үлкейтілген шрифтпен) оқулықтар әзірлеуге жыл сайын бөлу қарастырылды. Бүгінгі күні 0,1,2,3,5,7 сыныптар үшін оқулықтар әзірленді..

Барлық оқулықтар жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға сәйкес.

Басқа сыныптарға арналған оқулықтарды әзірлеу 2020 жылға дейін жоспарланды.

Сондай-ақ, Министрлік «Самрұқ Қазына Траст» пен бірлесіп «Ерекше балаларға ерекше кітаптар» әлеуметтік  жоба шеңберінде мектепке дейінгі жастағы көрмейтін және нашар көретін балаларға 250 түйсінді кітаптар әзірленіп, көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар оқитын мектепке дейінгі ұйымдармен мектептерге ақысыз түрде таратылды. 

Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың деректері бойынша 2019 жылы 1 қантарға 1530230 ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар анықталды, оның ішінде 3 жасқа дейін 6567 бала, мектепке дейінгі жаста – 47744 бала, мектеп жастағы – 98919 бала.

Бүгінгі күні үйде оқитын балалардың саны 12876 бала құрайды.

Бүгінгі күні «Сапалы білім беруді қамтамасыз ету» 099 бюджеттік бағдарламасының шеңберінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың кәсіби-еңбек дайындығы бойынша үлгілік арнайы оқу бағдарламалары әзірленді. Бүгінгі күні аталған бағдарламалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілді.

БҒМ үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп арнайы және инклюзивтік білім беру мәселелерін қарау бойынша жұмыс тобы құрылды.

2017 жылы арнайы және инклюзивтік білім беру саласындағы арнайы білім беру ұйымдарының  мамандардың нормативтік жұмыс жүктемесі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және т.б. мәселелері бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу мәселелері қарастырылған жұмыс тобының отырыстары өткізілді.

2018 жылы инклюзивтік білім беру жағдайында жалпы білім беру жоспарлары мен бағдарламарын бейімдеу және ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған жеке оқу жоспарлары мен бағдарламаларын құру бойынша  әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу мәселесі бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

Арнайы және инклюзивтік білім беру сласындағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру жұмысы жалғастырылуда.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкес бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері  І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз бекітілді.

«2017 - 2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 12 шілдедегі № 328 бұйрығы сәйкес «Әскери іс және қауіпсіздік» мамандықтар тобынан басқа мамандар бойынша І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін білім беру гранттары бөлінді.

Бүгінгі күні жоғары білім беру жүйесінде инклюзивтік білім беру жоғары оқу орындарында белсенді енгізілуде.

Жоғары оқу орындарында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар студенттерді оқыту үшін барлық жағдайларды қамтитын инклюзивтік білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру жоспары әзірленіп бекітілді. Жоғары оқу орындардың жанындағы Әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша орталығы мүгедектігі бар және ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалалардың есебін жүргізеді.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар студенттердің оқу процесінің ұйымдастырылуына қанағаттану деңгейінің мониторингісі сауалнама арқылы өткізіледі. 2017 жылы И. Жансүгүров атындағы ЖМУ кітапханасында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар студенттер үшін арнайы жабдықталған кабинет ашылды.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жоғары оқу орындарының дамыту стратегиясына білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасау үшін іс-шаралар қарастырылған.

Бүгінгі таңда, жоғары білім беру саласында инклюзивті дамыту бойынша пән педагогикалық мамандықтардың тізбесіне енгізілді.

2018 жылы Республикада 824 колледждің 206-да (25%) ерекше білім беруге қажеттіліктері бар студенттер үшін жағдайлармен кедергісіз қолжетімділік қамтылды.

2017 жылы мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына I, II топтың, бала кезінен мүгедектер, мүгедектердің балаларынан 375 адам қатысты. Барлығы білім беру грантының иегерлері болды.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарда 2464 мүгедектігі бар студенттер оқиды, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі барлар – 1741, мүгедектігі 1-2 топтағы – 725 студент.

2017 жылы Қазақстан Республикасы Abilympics (Абилимпикс) и DeafSkills  халықаралық қозғалысқа қосылды.

Сондай-ақ, 2017 жылы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар студенттер үшін арнайы оқу бағдарламаларды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар, жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар тұлғалардың бір санатына арналған арнайы оқу бағдарламаның жобасы, инклюзивтік білім беру жағдайында кадрлар дайындығын жүргізетін басшылар және әлеуметтік педагогтер, психология бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы әзірленді.

Бүгінгі күні аталған санаттағы балалармен жұмысыты іске асыратын мұғалімдер үшін жанбасына шаққандағы қаржыландыруда қосымша ақы қарастырылған, ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларға шығын нормасы екі есе артық көлемде есептеледі.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 893 субъектілер 121 мыңнан астам өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетті, оның ішінде 50 мыңнан астамы егде жастағы адамдар:

6 мыңнан астам адам стационар жағдайында;

2,7 мыңнан астам адам күндіз болу жағдайында;

1,5 мыңнан астам адам оңалту орталықтарында;

35 мыңнан астам адам үйде қызмет көрсетубөлімшелерінде;

4,9 мыңнан астам адам ҮЕҰ және өзге жеке ұйымдар арқылы.

Өз кезегінде, жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша 2018 жылы ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді 113 егде жастағы адамдарға көрсетілді, оның ішінде:

  • Астана қаласының «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ базасында 60 адам;
  • Батыс Қазақстан облысында «Орал қаласы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ және «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету Бөрлі орталығы» КММ базасында 28 адам;
  • Павлодар облысында «Жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ базасында 25 адам.

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 2018 жылғы 2 шiлдедегi іске асыру шеңберінде Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидалары бекітілді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 379 бұйрығы).

Осы Қағидалар әлеуметтік қызмет көрсетудің вариативті формаларын және түрлерін қарастырады, мынадай түрде:

жоба қуаттылығы 10-нан 50-ге дейінгі орындары бар сыйымдылығы шағын үйлер;

стационарлық үлгідегі ұйымдардың жанынан құрылған жоба қуаты 6-дан 30-ға дейін өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелері.

Жергілікті атқаруш органдардың мәліметіне сәйкес елімізде:

  • 21 сыйымдылығы шағын үй (бұдан әрі – СШҮ), оның ішінде 7-і мемлекеттік емес нысанда.

СШҮ-дің көбі Батыс Қазақстан мене Шығыс Қазақстанда – 6 және Алматы қ. – 2, басқа қалаларда (Ақмол, Алматы, Жамбыл, Қарғанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) 1 СШҮ орналасқан.

СШҮ 8 өңірде жоқ, олар: Ақөбе, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан және Астана мен Шымкент қалалары;

  • бір өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшесі Алматы қаласында (бөлімше «№ 1 арнаулы әлеуметті кқызметтер көрсету орталығы» КММ жанынан ашылған) қызмет етеді.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарды кемсітуді болдырмау мақсатында 2015 жылы стационарлық үлгідегі МӘМ-ді арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар санатын көрсетпей әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі – ӘҚКО) қайта құру жоспарланған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша меморандумды іске асыру шеңберінде 100 % орындауды Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары қамтамасыз етті.

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған адамдардың үлесі 2018 жылдың қорытындысы бойынша 9,6 % құрады (2015 жылы – 5,3 %, 2016 жылы – 5,5 %, 2017 жылы – 7,9 %).

Арнаулы әлеуметтік қызметтер нарығында үкіметтік емес сектордың дамуы бәсекеге қабілетті ортаның дамуына, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жетімділігіне және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамдардың санын төмендетуге мүмкіндік берді.

Барлығы 2018 жылы ҮЕҰ қызметтерімен 11 048 адам қамтылды (оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен – 5 642 адам), оның ішінде 4 519 егде жастағы адамдар, 645 І, ІІ топтағы мүгедектер, 2 150 психоневрологиялық аурулары бар балалар, 1 276 психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектер, 1 243 тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар, 550 адам сауда және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, 573 бала сауда және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары (2016 жылы 6291 адам, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен – 4547 адам, 2017 жылы – 8 844 адам, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен 4 970 адам).

ҮЕҰ-да мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2018 жылы 1,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жартылай стационар мен үйде қызмет көрсетуге – 1 035,7 млн.теңге, адам саудасының құрбандарына – 90,1 млн.теңге, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына – 159,2 млн. теңге (2015 жылы – 586,7 млн.теңге,                       2016 жылы – 702,9 млн.теңге, 2017 жылы – 954,1 млн.теңге).  

Өз кезегінде, 2019 жылы үкіметтік емес секторда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін 1 505,8 мың теңге 4 897 адамға қарастырылған, оның ішінде жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге – 2 193 адам, үй жағдайында – 2 312 адам, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына – 267 адам, адам саудасының құрбандарына – 125 адам.

ҮЕҰ ең көп саны Шығыс Қазақстан (1717 адамды қамтумен 20 ҮЕҰ), Павлодар (2470 адамды қамтумен 20 ҮЕҰ), Жамбыл (1 228 адамды қамтумен 19 ҮЕҰ) облыстарында. 

Ең аз ҮЕҰ саны, Солтүстік Қазақстан (95 адамды қамтумен 2 ҮЕҰ) облысында, Шымкент қаласында (45 адамды қамтумен 2 ҮЕҰ).

Еңбекмині «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының – «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» дирекциясының және «Қазақстан-Ресей медицина университеті» (бұдан әрі – Университеті) қолдауымен 2015 жылдың маусым айынан 2017 жылға дейін мүгедек балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға арналған психологиялық көмек және кеңес көрсетуге онлайн-қолдау бойынша жоба іске асырды.

Мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасыларға кеңес беру көмегін көрсету және мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдарға психологиялық қолдауды көрсету отбасы ішінде жағымды әлеуметтік-психологиялық ахуалды, психологиялық денсаулықты қалыптастыруға жағдай құру онлайн қолдау қызметінің негізгі мақсаты болып табылады.

Психиатрия, наркология кафедрасының білікті мамандары неврология, жалпы медициналық психология және педагогика курстарымен бірлесіп, психологиялық көмек және кеңес ұсынады.

Қызметін жұмысы «SKYPE» бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы Интернет желісін қолдануымен ұйымдастырылған

Үш жылдың қорытындысы бойынша 1352 отбасыға кеңес берілді (2015 жылдың қортындысы бойынша – 268 отбасыға, 2016 жылдың қорытындысы бойынша – 573 отбасыға).

БҰҰДБ және Университет арасындағы келісімшарттың аяқталуына байланысты 2018 жылы осы қызметті көрсету тоқтатылды.

2018 жылы жергiлiктi атқарушы органарының есептері бойынша жергілікті бюджет есбенінен және өз қаражатынан 1,3 мыңан астам мамандар біліктілігін арттырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру мақсатында Еңбекминің жанында Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлескен грант шеңберінде Әлеуметтік жұмыс бойынша ұлттық ресурстық орталық құрылды.

Орталық қызметінің негізгі бағыттары әлеуметтік қызметкерлердің кадрлық әлеуетін қалыптастыру, әлеуметтік қызметтер мамандарының кәсіби дамуын әдістемелік қолдау, әлеуметтік инновацияларды модельдеу, жергілікті деңгейде жаңа қызметтерді пилоттан өткізу болып табылады.

Орталықтың негізгі функциялары:

  • оқу-әдістемелік (оқу-әдестемелік кешенді әзірлеу, оқыту жүргізу, әлеуметтік қызмет мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдар мен әлеуметтік қызметтер қызметкерлерінің кәсіби дамуын сүйемелдеу);
  • сараптамалық-талдау (жағдайға дәлелді талдауды жүргізу, нормативтік құқықтық базаны әзірлеу кезінде сараптамалық қорытынды, мемлекеттік әлеуметтік саясат мәселесі бойынша ұсынымдарды дайындау);
  • әлеуметтік инновацияны модельдеу, жергілікті деңгейде жаңа қызметтерді пилоттау, оларды бағалау мен енгізуге дайындау;
  • тәжірибе мен білімді айырбастау (ақпараттық-талдау базаны құру, әлеуметтік қызметтің үздік жергілікті және халықаралық тәжірибесін зерттеу мен құжатандыру);
  • әлеуметтік қызмет бойынша жергілікті және халықаралық мамандарды сараптамалық пулын үйлестіру.

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасында Қазақстан Республикасында 2025 жылға қарай әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік қызметтерді және әлеуметтік көмекті ұсынудың интеграцияланған моделі қалыптастырылады.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және басқа салалардағы әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын үйлестіру тетігі қалыптастырылады, бұл тетік «бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.

2016-2017 жылдары БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жоба шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделі апробоцияланды.

2018 жылы пилоттық жоба 5 өңірде енгізілді (Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында, Астана және Алматы қалаларында).

2019 жылы пилотқа тағы 5 өңір қосылады.

Пилоттық жоба нәтижесі бойынша 11 облыста пилоттық жобаны іске асыру тәжірибесі жалпыланады, күшті және әлсіз жақтарына талдау жүргізіледі, одан әрі интеграцияланған модельді енгізу бойынша ұсынымдар қалыптастырылады.

Пилотты іске қосу нәтижесі бойынша қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін ескере отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты әзірленеді.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқор базасының деректері бойынша еңбекке қабілетті жастағы 411 мың мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында 27% астамы – 111,5 мың мүгедек жұмыс істейді (жылына бір рет болған аударымдар).

Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың құрылымында 2 топтағы мүгедектердің (46% немесе 191,9 мың адам) үлес салмағын ең көп және 3 топтағы мүгедектер (45% немесе 186,4 мың адам), 1 топтағы мүгедектердің (9% немесе 39,7 мың адам) үлесі аз.

Бұл ретте, жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар арасында 3 топтағы мүгедектердің үлесі артық (жұмыс істейтіндердің жалпы санынан 72%), төрттен бір бөлігі 2 топтағы мүгедектер санынан, 1 топтағы мүгедектердің саны аз.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жұмыспен қамтылған үлесі 3 топтағы мүгедектердің 43% жұмыс істейтінін, 3 топтан 15%, 1 топтан 8% жұмыс істейтінін куәландырады.

Осылайша, 3 топтағы мүгедектер белсенді жұмыс істейді.

Білім беру деңгейі бойынша мүгедектігі бар адамдардың талдауы жұмысқа қабілетті адамдардың арасынан жартысынан көбі (54%) орта және бастапқы білім бар екенін көрсетті. Мүгедектігі бар адамдардың 10% ғана жоғары білімі бар, 20 % адамдар орта-кәсіби білімі бар.

Осылайша, білім деңгейі бойынша құрылымда біліктігі жоқ адамдардың үлесі басым, бұл жағдай мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде негізгі кедергі болады.

Мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды кеңейту мақсатында квота қарастырылған. Егер ол бұрын барлығына үш пайызды құраса, ал қазіргі уақытта екіден органдар ауыр жұмыстардағы, зиянды жұмыстардағы, қауіпсіз жұмыс жағдайларындағы жұмыс орындарын есепке алмағанда мүгедектер үшін  жұмыс орындары санынан төрт пайызда дифференцияланған тәсілмен іске асырылады.

2018 жылы квота шеңберінде мүгедектігі бар 7,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.Квота бойынша жұмысқа орналастырылғандар білім беру, денсаулық сақтау, және әлеуметтік қызмет, сауда, ауыл шаруашылығы және көлік салаларында жұмыс істейді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар халықтың басқа да осал топтарымен қатар халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (қоғамдық, әлеуметтік, бос жұмыс орындары) басым түрде қатысуы  құқығына ие болады.

Бағдарламаға өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және  біліктіліктері жоқ өзге де тұлғалар, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатыса алады.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бағдарламаға қатысушылардың құрамына мүмкіндікетері шектеулі 18,9 мың адам қосылды, бұл Бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 2,8% (Бағдарламаға қатысушылар – 677,1 мың адам), оның ішінде 16,6 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алуға мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және олармен құрылған ұйымдардың қатысу процедурасын автоматтандыру бөлігінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізілді. Осы шара мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және олармен құрылған ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету кезінде бәсекелестікті арттыруды қарастырады.

Сонымен қатар, Біліктілік ұлттық жүйесі және Еңбек ресурстарын болжамдау ұлттық жүйесі (бұдан әрі – БҰЖ) бойынша жұмыс жүргізілуде, оның негізінде Smart Data Ukimet жасанды интеллект алгоритмі қолданылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырмасын, сұраныс балансын автоматты анықтау және еңбек нарығындағы ұсыныстарын, сондай-ақ кадрларды қысқа мерзімде дайындау және қайта дайындау мақсатында қажет мамандықтарды құру үшін негіз болып табылатын Еңбек ресурстарының ұлттық болжамы БҰЖ негізгі құжаты болады.

БҰЖ құқықтық статусқа келтіру мақсатында Министрлікпен 2019 жылы қабылданатын Еңбек ресурстарын болжамдау ұлттық жүйесін құру және оның нәтижелерін пайдалану қағидалары әзірленуде.

Сондай-ақ 2018 жылғы 20-21 қараша аралығында Алматы қаласында «Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту: практика және даму перспективалары. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын ілгерілету» республикалық семинар-кеңесі өтті.

Осы іс-шараға ҮЕҰ, қоғамдық қайраткерлер, мүгедектігі бар адамдар қатысып, жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – МСМ) ақпараты бойынша мәдениет объектілері, концерттік ұйымдар, театрлер, мұражайлар, кітапханалар мүгедектігі бар адамдарға қолджетімділікпен қаматамсыз етіледі.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кітапханалық қызмет көрсету мақсатында «Қамқорлық» залы ашылды. осы бөлімде арнайы мамандар - В Н. Балгарская және К.Оспанов (Астана қаласы бойынша «Қазақ соқырлар қоғамының» мүшелері, екінші және үшінші топтағы мүгедектер) мүгедектігі бар азаматтар үшін қызмет көрсетіп келеді.

Көзі көрмейтін адамдар залында Брайль шрифтісіндегі кітаптар қарастырылған, екі тілде аудиокассеталар мен компакт-дискілер, ал есту қабілеті бұзылған адамдарға 4 жұмыс орнымен аудикласс қарастырылған.

Мүгедектігі бар оқырмандарға жылсайын қыркүйек айынан маусым айына дейін Назарбаев университетінің докторанты, ерікті-ұстаз А.З.Асанбаев  тегін ағылшын курсын жүргізеді.

Республикамызда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 12 спорттық клуб жұмыс істейді (Астана және Алматы қаласында, Алматы, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау Қосатанай облыстары) және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 3 мамандандырылған спорт мектебі (Шымкент қаласы, Қарағанды және Алматы облыстарында), 1 ойын спорты түрлері және мүгедектер спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Павлодар облысында жұмыс істейді, сонымен қатар Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» МКК-да мүгедектер спорты бойынша 1 бөлімше бар.

МСМ ведомстволық бағынасты мекемелерінде, халық арасында «Сарыарқа» республикалық велотрегі РМКҚ-да, Б.Шолақ атындағы Спорт сарайында, сонымен қатар «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде дене шынықтыру және спорт сабақтары өтеді.

Бұл ұйымдарда 1 және 2-топтағы мүгедектерге қызметтер тегін, ал 3-топтағы мүгедектер үшін 50 % пайыз жеңілдікпен ұсынылады.

Осымен қатар, Қазақстаннның Ұлттық Паралимпиялық Комитеті, «Спешиал Олимпикс» қоғамдық қоры және Сурдлипиялық Федерация жұмыс істейді.

2018 жылғы 4 шілдеде Астана қаласында Елбасының қатысуымен Қазақстанда бірінші Паралимпиялық жаттығу орталығы ашылды. Ол сапалы және кәсіби ұлттық құрама командаларды және паралимпиялық спорт түрлерінен жазғы және қысқы спорт резервін дайындауға бағытталған.

Жылсайын 40 астам мүгедектердің әр түрлі категорияларына 5 мыңнан астам мүгедек спортшылардың қатысуымен халықаралық және республикалық чемпионаттар мен турнирлер өткізіледі. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 21 оқу-жаттығу жиындары және 36 республикалық жарыстар өткізілді,  Қазақстан спортшылары 34 халықаралық жарыстарға қатысты.

Қолданыстағы телеарналарда қоғамда мүгедектерді қолдау, бейімдеу және мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау машықтары тақырыптары жарық көрді, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен мақалалар жарияланды.

Көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ақпараттық кеңістікті қолжетімді қалыптастыру мынаның көмегімен жүргізілді:

  • 2014 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен күніне 28 өңірлік арналарда 2 жаңалық телехабарларын сурдоаудармамен сүйемелдеуді енгізу.
  • көру қабілеті бұзылған адамдарға барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интерент-ресрстарында шрифт өлшемін үлкейту және түсін өзгерту мүмкіндігімен сайтты қарау нұсқасын орнату;
  • қызметті алу үшін денсаулығына байланысты мемлекеттік органға бару мүмкіндігі жоқ адамдарға тұрғылықты жеру бойынша үйіне бару мүмкіндігін Мемлекеттік қызметтер стандарттарында енгізу,
  • мүмкіндіктері шектеулі адамдардың жағдайы, олармен қоғамдық орындарда еріп жүру мәселелері туралы әзірленген «Люди с ограниченными возможностями», «Я казахстанец», «Сильные духом», «Подари детям жизнь» роликтері жүйелі түрде республикалық телеарналарда көрсетілді;
  • мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық электрондық БАҚ-та, баспа БАҚ беттерінде, ақпараттық агенттіктердің ленталарында материалдарды жариялау.
  • 2015 жылғы сәуірде – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау және 2016 жылғы – Қазақатн Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттарының сайлауы туралы ақпарат тарату.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша (бұдан әрі – ОСК) сайлау участкілірінің фойесінде ақпарат ережелерін, сайлау күні мен белгілері туралы стендтер, ережелер, шарттары орналастырылды. Сайлау учаскелері ғимараттардың бірінші қабатында орналастырылды, бұл егде жастағы адамдарға, мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сайлау туралы ақпараттардың көру және есту бұзылысы бар адамдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін сайлау және дауыс беру тәртібі, сайлау учаскілерінің орындары туралы ақпарат ұлттық және аймақтық телеарналарда көрсетіледі.

Сондай-ақ, аумақтық сайлау комиссияларының өкілдерімен сайлау тәртібін түсіндіру және  дауыс беруге арналған сайлау участкілерінің орындарын түсіндіру үшін мүгедектердің ұйымдарына барды.

Сонымен қатар денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскелеріне бара алмаған адамдарға үйде қатысу туралы ерте берген өтініштеріне сәйкес сайлау комиссиясы мүшелерінің мүгедектер үйіне баруы ұйымдастырылды.

Қазіргі уақытта Еңбекмині ОСК бірлесіп «Қолжетімді орта» порталын сайлау учаскелерімен толықтыру бойынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта, порталда 400-ден астам сайлау учаскелері жарияланған.

Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпараты бойынша 2016 жылы республикалық телеарналар эфирінде 1671 сюжет , республикалық баспа басылымдарда 997 мақала, өңірлік БАҚ-та 8127 материал , интернет-ресурстарда 2909 материал жарияланды.

2017 жылы республикалық телеарналарда 818 сюжет, республикалық баспа басылымдарда 724 мақала, өңірлік БАҚ-та 3632 материал, интернет-ресурстарда 1194 материал жарияланды. 

2018 жылы республикалық телеарналар эфирінде 1065 сюжет, республикалық баспа басылымдарда 574 мақала, өңірлік БАҚ-та 6673 мақала, интернет-ресурстарда 1119 материал жарық көрді.

Қазіргі уақытта мемлекет заңнамамен бекітілген мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындауда.

БҰҰ тарапынан Конвенцияны жүзеге асыруға мониторинг нысанының бірі мүгедектердің құқықтарын қорғау жағдайларын үйренуге арналған елдік сапарлар болып табылады.

2017 жылдың 4 - 12 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарының сақталу мәселелері бойынша БҰҰ Арнайы баяндамашысы Каталина Девандес-Агилярдың сапары өткізілді.

2018 жылғы 6 наурызда Женева қаласында БҰҰ Кеңесінің 37-і сессиясында К.Д. Агиляр ресми сапарының қорытындысы бойынша баяндамасын ұсынды. Арнайы баяндамашымен мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуде тікелей немесе жанама түрде қатысты Үкіметке 50 жуық ұсынымдар берілді.

Арнайы баяндамашының баяндамасында әлеуметтік қорғау саласындағы Үйлестіру кеңесі жұмысының табысты екенін атап өтті.

Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасымен қабылданған шаралар туралы Қазақстанның алғашқы баяндамасы мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Комитетіне ұсынылды.    Баяндаманы қорғау 2020 жылға жоспарланған.        

Іс-шаралар жоспарымен әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, мүгедектігі бар адамдарды оңалту, мүгедектігі бар адамдардың негізгі өмір сүру салаларында объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыру, мүгедектер мәселелеріне қоғамның позитивті қарым-қатынасын құру бойынша қойылған мақсаттарға қолжетікізлгенін жүргізілген талдау көрсетті.

Айтылғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарын орындалды деп есептеп бақлаудан алуды мүмкін деп пайымдаймыз.

Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын орындау барысы бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) орындау шеңберінде 2019 жылы келесі тармақтар бойынша жұмыс жүргізілді.

Балалардың денсаулығын жақсарту, ауруларды дер кезінде анықтау мен емдеуді қамтамасыз ету және дене дамуын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында ерте жастағы балаларға скрининг жүргізіледі.

неонаталдық скринингпен жаңа туған нәрестелердің 95%, оның ішінде фенилкетонурияға – 95,4%, туа біткен гипотиреозға - 94,8% құрады.

балаларды аудиологиялық скринингпен қамту 85%, офтальмологиялық – 83%, психофизикалық - 90% құрады.

Жалпы, ерте жастағы балаларды скринингтермен қамту 88,3% құрады.

Осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасында МСАК мамандарын ауруларды басқару бағдарламасын (бұдан әрі – АББ) және патронаждың әмбебап-прогрессивті моделін (бұдан әрі – ПӘПМ) оқыту бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде, ол созылмалы аурулармен (артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және қант диабетімен) пациенттерді белсенді жүргізуге, өзіндік көмек, өзіндік менеджмент машықтарына негізделген.

АББ бойынша 25 645 МСАК маманы, оның ішінде дәрігерлер – 7 198, орта медицина қызметкерлері – 18 170 оқытылды.

АББ барлық МСАК ұйымдарында енгізілді, 557 976 адам қатысады, бұл диспансерлік есепте тұрған пациенттердің жалпы санының 30,7% құрайды (1 819 229).

МСАК мамандары (мультидисциплинарлық топ) АББ-ға қатысатын пациенттермен пациенттің іс-әрекет жоспарының картасын енгізу бойынша (өзіндік менеджмент бойынша) оқыту жүргізеді, МСАК дәрігерімен қажеттілікке қарай түзетіледі.

Өңірлер бөлінісінде АББ пациенттерін қамтудың төмен пайызы Алматы (28,5%), Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан (29%) облыстарында байқалады.

АББ мақсаты созылмалы аурулардың асқынуының алдын алу болып табылады, бұл бұдан әрі созылмалы аурулардан халықтың өлімін төмендетуге алып келетінін атап өткен жөн.

АББ-ны енгізу нәтижесінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша артериялық қысым 78% пациентте тұрақтанды, қант диабетімен ауыратын пациенттердің 31% аурудың оң динамикасына қол жеткізді. Одан басқа, емдеуге жатқызу мен асқынудың (жедел инфаркт миокарды және жедел ми қанайналым бұзылысы) туындауының жаңа жағдайы санының 3 есеге төмендегені байқалады.

Айтылғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 3-тармағын Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – ДСМ) мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

2019 жылы 89 292 науқасқа медициналық оңалту жүргізілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 18,6%-ға артық (75 273).

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) енгізілді. МӘМС іске асыру медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.

Қазіргі заманғы дәлелді практика негізінде амбулаториялық деңгейге баса назар аудара отырып, оңалтудың жаңа моделі енгізілуде. Дене медицинасы мен оңалтудың қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, кадрлар құзыретін кеңейту көзделген, сондай-ақ мультидисциплинарлық команданың толыққанды оңалту диагнозын қою және тиімді оңалту үшін жұмыс істеудің халықаралық жіктемесі енгізілетін болады.

Сонымен бірге, Денсаулық сақтау министрлгімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерімен бірге балаларға арналған шағын және орта оңалту орталықтарының желісін «қадамдық қолжетімділікте» кеңейту жөніндегі шараларды қоса алғанда, «сал ауруы» диагнозымен ауыратын балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі және бекітті (бұдан әрі - Жоспар) (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 15 қыркүйектегі № 557, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 469, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 581).

Жоспарда оңалту көмегін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарға талдау жасау, медициналық оңалтуды жаңғырту және жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру, техникалық оңалту құралдарын таңдауды жетілдіру және басқалар бөлігінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл шаралары көзделген.

Осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Аталмыш әдістемелік ұсынымдарды әзірлеудің мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар (бұдан әрі – ЕБҚ) бар балаларға қатысты қоғамдық пікірді өзгерту, стереотиптерді және стигматизацияларды жеңу.

білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары:

қоғамдық пікір мониторингі (ата-аналармен, педагогтармен жүргізілетін сауалнамалар нәтижесі, инклюзивті (интеграцияланған) білім беруді іске асыру шарттарын,  білім беру процесіне қатысушылардың қанағаттанушылық дәрежесін, кері моменттер мен тәуекелдерді бағалау);

ұйымдастыру қызметі (ЕБҚ бар балалардың білім алуына қолжетімділік проблемасына назар аударуға мүмкіндік беретін мерекелерді, конкурстарды, әлеуметтік акцияларды өткізу, ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға төзімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру);

ақпараттық қызмет (осы мәселе бойынша материалдарды мектептегі стендтерде, ақпараттық бұрыштарда, мектептің электронды сайтында толықтыру, БАҚ-та және мектеп газетінде жарияланымдарды дайындау, ата-аналар жиналыстарында сөз сөйлеу, аталған мысалдар мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты қарым-қатынасқа ықпал етуге мүмкіндік береді);

Бекітілген әдістемелік ұсынымдар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайтында орналастырылған және сайтта пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспары 39-тармағын  МСМ мен Еңбекмині бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөнді деп пайымдаймыз.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 9-тармағын  орындалды деп есептеп, бақылаудан алуды мүмкін деп пайымдаймыз.

Арнайы ұйымдардың үлгілік оқу жоспарларына ымдау тілі бойынша пән енгізілді (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы).

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 10-тармағын  орындалды деп есептеп, бақылаудан алуды мүмкін деп пайымдаймыз.

БҒМ тарапынан мектеп оқушыларының бейімділігіне қатысты кәсіптік бағдар беру диагностикасын жүргізу, болашақ мамандық таңдау үшін оларға кеңес беру, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларымен жұмыс істейтін педагогтер мен психологтарға кәсіби құзыреттілікті дамытуға кеңес беру бойынша жүйелі жұмыстар қамтамасыз етіледі.

Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың ата-аналары мен педагогтеріне арналған кәсіптік бағдар беру диагностикасы, ЕБҚ және мүгедектігі бар тұлғаларды кәсіптік даярлау және жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Сонымен қатар мектеп жағдайында «Көркем еңбек» пәні шеңберінде оқушылар еңбек шеберлігі және дағдыларымен, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру тәсілдерімен танысады.  Білім алушыларда кәсіптер әлемі, олардың еңбек нарығында қажеттілігі туралы түсінік қалыптасады, оларға өмірлік және кәсіби жоспарларды дербес және саналы түрде анықтауға көмек көрсетіледі.

Білім беру мазмұнын жаңарту аясында 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық жалпы білім беретін мектептерінің 10 сыныптарында жоғары сынып оқушыларын кәсіптер бағыттарын саналы түрде таңдауға бағыттайтын «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 11-тармағын  БҒМ мен Еңбекмині бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға арналған 473-тен астам арнайы оқу бағдарламалары, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды кәсіптік-еңбекпен даярлау бойынша үлгілік оқу бағдарламалары әзірленді және бекітілді, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар болған кезде сыныптың, топтың толымдылық нормалары ескерілді. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды жеке жоспар мен бағдарлама бойынша оқыту бөлігінде нормалар көзделген.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м. а. 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 615 бұйрығы) Педагогикалық кеңес инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) үлгерімі мен психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері туралы деректер негізінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу мәселелерін қарайды.

Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында оқу жоспарларының, бағдарламалардың (бейімделген, жеке, арнайы) вариативтілігін, икемділігін қамтамасыз ететін ұғымдарды, сондай-ақ білім алушының даму ерекшеліктеріне байланысты жетістіктерді бағалау жүйесін енгізу көзделген, бұл білім беру процесінің инклюзиясының жетекші қағидаттарының бірі болып табылады.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 12-тармағын  БҒМ мен Еңбекминінің бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

Көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған оқулықтар бекітілгеннен кейін жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары негізінде әзірленеді (бейімделеді).

Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы оқулықтар мен ОӘК-ні әзірлеу білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджетте көзі көрмейтін балаларға арналған Брайль қарпімен, нашар көретін балаларға және зерде бұзылыстары бар балаларға арналған ірілендірілген қаріппен оқулықтарды және ОӘК-ні кезең-кезеңімен әзірлеуге жыл сайынғы қаржы қаражаты көзделген.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жаңартылған бағдарлама бойынша:

- көзі көрмейтін және нашар көретін, сондай-ақ зерде бұзылыстары бар 0, 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8-сынып білім алушыларына арналған оқулықтар мен ОӘК әзірленді;

Бұл оқулықтар мен ОӘК білім беру ұйымдарында қолдануға рұқсат етілген оқулықтар тізіміне енді (ҚР БҒМ-ның 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 бұйрығы).

- 3-10 сыныптар үшін қалған оқулықтарды кезең-кезеңмен әзірлеу 2019-2022 жылдарға жоспарланған.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 13-тармағын  БҒМ мен Еңбекминінің бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөнді деп пайымдаймыз.

Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың мәліметтері бойынша, 2019 жылы ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар 161 156 бала анықталды.

Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында, қоғамдық және жеке ұйымдарда білім беру бағдарламалары бойынша оқытумен, тәрбиемен және түзету-педагогикалық қолдаумен 155 647 бала қамтылды, бұл 96,58%-ды  құрайды.   2018 жылмен салыстырғанда, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды түзете-дамыта оқытумен қамту 1%-ға артты (2018 жылы – 95,58, 2019 ж. – 96,58%).

Олардың ішінде:

- арнайы білім беру ұйымдарында – 21479 ЕБҚ бар білім алушы білім алуда (13,3%);

- жалпы білім беретін мектептердің топтарында/сыныптарында – 18511 бала білім алуда (11,5%);

- инклюзивті топтарда/сыныптарда (дені сау балалармен бірге оқыту) – 69701 немесе 43,2% ЕБҚ бар бала білім алуда.

- 12982 (8%) бала үйде білім алуда;

- кәсіби мектептерде және колледжерде –  2306 білім алушылар (2,2%) білім алуда;

- жеке, қоғамдық білім беру ұйымдарында – 14970 бала (9%) білім алуда.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен оңалту орталықтарында барлығы 40610 балаға (25,2%) түзету-педагогикалық қолдау көрсетілуде, оның ішінде ауыр ментальді бұзылыстарына байланысты мектеп ұйымдарына бармайтын балалар саны – 2415 (2,3%).

Әлеуметтік қорғау жүйесінде ауыр ментальдік бұзушылықтары бар (білім беру ұйымдарында білім беру стандартын меңгеруге қабілетсіз ауыр және терең ақыл-ой кемістігі бар) 4493 (2,7%) бала коррекциялық-педагогикалық қолдау алуда.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 15-тармағын  БҒМ мен Еңбекминінің бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

Мұғалімдердің, сондай-ақ білім беру ұйымдарының әртүрлі бейінді мамандарының өзара іс-қимылы үшін бірыңғай кеңістікті ұйымдастыруда ресурстық орталықтар негізгі рөлді атқаруы тиіс.

Бүгінгі күні білім беру жүйесінде жалпы білім беретін және арнайы мектептер, сондай-ақ ПМПК жанында 6 ресурстық орталық жұмыс істейді (Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары).

Сонымен қатар «Орта білім беруді жаңғырту» жобасын іске асыру шеңберінде басқа облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда ресурстық орталықтар құру жоспарлануда.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 16-тармағын  БҒМ мен Еңбекминінің бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде 2012 жылдан бастап мүгедектер үшін белгіленген квота мөлшері 1 % құрайды.

Мүгедектігі бар тұлғаларды оқытуға арналған квотаны орындау мониторингінің қорытындысы бойынша берілген гранттар саны:

техникалық және кәсіптік оқу орындарында – 1138 грант;

ЖОО-да – 387 грант.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 17-тармағын  БҒМ мен Еңбекминінің бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөнді деп пайымдаймыз.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейту Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген.

Бүгінгі таңда 75 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, 187 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 14 оңалту орталығы жұмыс істейді.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 18-тармағын  БҒМ мен Еңбекминінің бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасаған жалпы білім беретін мектептер желісін кеңейту Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында көзделген.

Бүгінгі таңда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға:

6592 балабақшаның 1890-ында (29%); 

4528 (65%) жалпы білім беретін мектептерде арнайы жағдайлар жасалған.

Барлық 7499 мектептің (оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің) 6975-інде (93%) кедергісіз кіру мүмкіндігі жасалған.

Бүгінгі күні республикада 247 ТжКБ оқу орнында немесе 30%-да (ҚР-да барлығы – 821) ерекше білім берілуіне қажеттілігі (бұдан әрі – ЕБҚ) бар студенттер үшін тең жағдайлар және кедергісіз кіру мүмкіндігі жасалған.

Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар тұлғалар үшін ТжКБ жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ТжКБ мамандықтары мен біліктіліктерінің классификаторында 70 мамандық бойынша кадрлар даярлау көзделген.

Бүгінгі таңда 68 ЖОО-да ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттер үшін жағдай (пандустар, лифтілер, әлеуметтік нысандар, кітапханалар) жасалған.

Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында ерекше мүмкіндіктері бар 1609 студент бар, оның ішінде І дәрежелі мүгедектігі бар – 85, ІІ дәрежелі мүгедектігі бар – 358, III дәрежелі мүгедектігі бар – 1151  және бала кезінен мүгедек 15 білім алушы бар.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары «Инклюзивті білім беру» пәнінің оқу бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, күтілетін нәтижелерін және мазмұнын «НЗМ» ДББҰ, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «САТР» орталығы және т.б. өкілдерімен бірлесе отырып қарастырды.

Заманауи талаптарға бейімделу және «Инклюзивті білім беру» курсын жетілдіру мақсатында жоғары оқу орындары Түзету педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және «САТР» орталығының қызметкерлерімен оның мазмұнын талқылады.

«Жайлы инклюзивті ортаны құру», «Инклюзивті мектепте білім беру процесін бейімдеу және түрлендіру», «Инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жұмыс жасау», «Балалардың жеке мүмкіндіктері негізінде білім беру нәтижелерін бағалау» және т.б. жаңа тақырыптар енгізілді.

Сонымен қатар бүгінгі күні барлық педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына «Инклюзивті білім беру», «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытудың арнайы әдістемесі», «Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған бағдарламалық мазмұнды бейімдеу» пәндерін оқытумен инклюзивті білім берудегі технологиялар модулі қарастырылған.

Жоғары оқу орындарында инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру жоспары әзірленді және бекітілді, ол ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттерді оқыту үшін барлық жағдайларды толық қамтиды.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 19-тармағын  БҒМ мен Еңбекмині бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

Осы тармақты іске асыру үшін 2019 жылғы тамызда «Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына мүгедектіктің барлық топтарының адамдарына, сондай-ақ мүгедек балаларға жол жүру құжатының (билеттің) құнының 50% (елу) мөлшерінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша, ал тасымалдаушының қалауы бойынша коммерциялық бағыттар бойынша жол жүруге жеңілдіктер енгізілді.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 28-тармағын орындалды деп санап, бақылаудан алуды мүмкін деп пайымдаймыз.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімді карта» порталы (бұдан әрі – Портал) жүзеге асырылады, объектілерге кедергісіз қолжетімділікті қамтамысз ететін жергілікті атқарушы органдар, тұрақты негіздеәлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілері бойынша паспорттау және бейімдеу туралы ақпаратты өзектендіреді.

Портал:

- Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігі туралы Жергілікті атқарушы органдардың деректерін цифрлау және жүйелендіруге мүмкіндік берді;

- объектілердің қолжетімділігі туралы жұртшылықты жария ақпараттандыруға ықпал етті;

- объектілердің бейімделуінің және түгендеудің аймақтық жоспарлары арқылы объектілердің бейімделуі бойынша пәрменді шараларды қабылдауға, олардың мүгедектердің әлеуетті баруының бағалауына қарай ықпал етті.

Бүгінгі таңда жүйеге 30,9 мың нысан енгізілген, олардың 20,4 мыңы мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктеріне ішінара бейімделген.

Қазіргі уақытта Министрлік Порталды оны мүгедектерді әлеуметтік қорғау ақпараттық порталымен біріктіріп жетілдіруде, ол ыңғайлы пайдаланушы интерфейсін қамтамасыз етеді және әр объектінің қол жетімділігін бағалауға, түсініктемелер мен пікірлер қалдыру мүмкіндігін береді.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 29-тармағын  орындалды деп есептеп, бақылаудан алуды жөн деп пайымдаймыз.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 136-1-бабына сәйкес денсаулық сақтау ұйымдары мүгедектер мен басқа да қозғалғыштығы бар адамдар үшін медициналық мекемелердің бейімделуіне жағдай жасайды.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және ең жоғары дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

1) жедел жәрдем және ауа жедел жәрдем көлігі;

2) амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде:

алғашқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК);

алғашқы медициналық-санитарлық көмек маманы және мамандандырылған мамандар бағытында консультативті-диагностикалық көмек (бұдан әрі - КДП);

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шегінде медициналық-санитариялық көмек маманы немесе мамандандырылған маман бағытындағы стационарлық медициналық көмек, жедел жәрдем нұсқамалары бойынша - жолдаманың болуына қарамастан;

4) МСАК маманы немесе мамандандырылған мамандар бағытындағы стационарды алмастыратын медициналық көмек;

5) оңалту емі және медициналық оңалту;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халықтың санаттарына арналған паллиативті және мейірбике күтімі.

Флюорография 15 жастан бастап жылына бір рет профилактикалық мақсатта, ал басқа жағдайларда нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

Халықтың нысаналы топтарына маммографияны жүргізу «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына сәйкес сүт безі обырын ерте анықтауға скрининг шеңберінде жүргізіледі.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жабдықтауға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялау) 2018 жылдан бастап енгізілді.

2018 жылы республикалық бюджеттен 50,3 млн.теңге бөлініп, 282 арнайы жұмыс орны ашылды. 2019 жылы 84 млн.теңге көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған 34 арнайы жұмыс орнын құруға бағытталды.

Субсидиялаудың тиімділігін арттыру мақсатында Министрлік қазіргі уақытта қолданыстағы Ережелер мен мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау шарттарын өзгерту және толықтыруды қарастыруда (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 280 бұйрығы).

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 36-тармағын  Еңбекминінің жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің мәліметтері бойынша спорт нысандарының саны 29 087 құрайды (ауылдық жерлерде 19 856), оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді объектілер саны 19 204 (ауылдық жерлерде 13 237).

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің ведомствоаралық бағыныстағы ұйымдарында, дәлірек айтсақ, «Сарыарқа» РМКҰ республикалық велотрегінде, Б. Шолақ атындағы спорт кешенінде, жоғары республикалық спорт шеберлік мектебінде «Алатау» қысқы спорт түрлерінде дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтар өткізілуде.

Бұл ұйымдарда 1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға қызмет ақысыз, ал 3-топтағы мүгедектерге 50% жеңілдік ұсынылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитетінің «Физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМКК-ға 2019 жылға мүгедек спортшыларды жаттықтыру процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының сомасы - 61 517 400 тг. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт істері және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМКК-ға 2019 жылға мүгедек спортшыларды жаттықтыру процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының сомасы - 120 902 000 тг.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 39-тармағын  МСМ мен Еңбекминінің бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.

Осы тармақты орындау мақсатында «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы »Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 671 бұйрығы қабылданды. «(Бұдан әрі - Бұйрық), онда бірқатар өзгертулер, оның ішінде қайта қарау қажет емес аурулардың тізбесін кеңейту қарастырылған.

Осылайша, ескере отырып, оңалту болжамының тізбесі қайтымсыз белгіленетін анатомиялық кемістіктердің 18 жастан асқан адамдарға мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді кеңейтілді 49-дан 53 балл.  Оған қант диабеті мен Лариша синдромы аясында аяқтың ампутациялық тұқымы сияқты аурулар енгізілген; ақыл-ой кемістігі орташа және тиісті дәрежеде ақыл-есінің кемдігі, аяқ-қолдың айқын көрінген парездерімен, генерализацияланған гиперкинездермен (көрсетілген нозологиялар бойынша 16 жасқа дейінгі мүгедектікті алғашқы анықтаған жағдайда) қозғалу бұзылулары; сондай-ақ түлкі бойынша табанның екі жақты өскіндері.

Сонымен қатар, алғаш рет 5 жастан асқан 18 жастан асқан адамдар үшін мүгедектік анықталатын аурулардың, ақаулардың тізімі жасалып, бұйрықпен бекітілді. Бұл тізімге күмәнді немесе қолайсыз оңалту болжамдары бар ағзаның едәуір немесе күрт көрінетін, бұзылған функциялары бар ауруларды көрсететін 19 зат кіреді (бұрын тізімде аталған аурулары бар мүгедектері жыл сайын немесе екі жылда бір рет қаралатын).

Сондай-ақ он алты жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық айғақтарды кеңейту бойынша жұмыс жүргізілді. Мысалы, баланы 5 жыл мерзімге және Он алты жасқа толғанға дейін мүгедек деп тану үшін тізбеге емшек аурулары (мукополисахаридоз, туа біткен бұллез эпидермолиз, буллезді ихтиозиформды эритродермия), Даун және рет синдромдары, үдемелі бұлшық ет дистрофиялары, қайта куәландыру кезінде балалар аутизмі мен т. б. сияқты диагностикалық растамасы бар аурулар енгізілген.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 40-тармағын  орындалды деп есептеп, бақылаудан алуды жөн деп пайымдаймыз.

Жалпы, 2020 жылы Волонтер жылын өткізу аясында түрлі бағыттар бойынша волонтерлікті дамыту бойынша бірқатар шараларды іске асыру көзделіп отыр:

бірінші. Нормативтік базаны жетілдіру, «Жыл волонтер» халықаралық сыйлығын (сыйлық ақшалай сыйақыны болжамайды) құру, волонтерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесін бағалауды жүзеге асыру арқылы волонтерлік қызметті ынталандыру;

екінші. Инфрақұрылымды дамыту, яғни ұлттық және өңірлік құрылымдар құру. Республикалық жобалау кеңсесі - 17 өңірлік орталық-білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, экология, ТЖ, мәдениет саласындағы волонтерліктің салалық бағыттары бойынша 83 өңірлік үйлестіруші. Орталықтар әр түрлі мақсатты санаттағы және жас топтарындағы азаматтарды кеңінен тарта отырып, консультациялар, кездесулер, оқыту іс-шараларын өткізетін болады. Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен волонтерлік кеңестің қызметін ұйымдастыру жоспарлануда;

үшінші. Волонтерлік қызметті насихаттау. Әр түрлі коммуникация арналары арқылы азаматтардың күнделікті қайырымды істерін жариялау үшін ақпараттық науқан ұйымдастырылады. Волонтерлердің - жеке азаматтардың, ҮЕҰ, бизнесмендердің, ұйымдардың нақты істері туралы үздік тәжірибе жинақталатын болады, олар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде таратылатын болады, сол арқылы «тыныш патриотизм» сезімін, азаматтардың қоғам игілігі үшін игі істерді жүзеге асыруға қатыстылығын дамытады;

төртінші. Волонтерлік бастамалар мен жобаларды қолдау. Волонтер жылын өткізу аясында өңірлерде 170-тен астам волонтерлік бастама іске асырылатын болады («Jańa bastama» жобасы). Нақты жергілікті міндеттерді шешуде азаматтардың жеке күш-жігерін (ерікті миссия) қолдауға бағытталған  420-дан астам шағын гранттар бөлу болжанып отыр. Сонымен қатар, жобалар волонтерлердің еңбек ақысын төлеу шығындарын қарастырмайды, ал жобалар мен бастамаларды іске асыруға бағытталғанын атап өткен жөн (жобаны іске асыру үшін ілеспе шығын материалдарына ғана шығындар болжанып отыр);

Волонтерлықты ілгерілетудің бірыңғай ресурсы волонтерлердің qazvolunteer.kz онлайн-платформасы болады.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 56-тармағын  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – АҚД) мен Еңбекминінің бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөнді деп пайымдаймыз.

Мемлекеттік бастамалар мен бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары «Жастар - еліміздің болашағы!» бірыңғай  медиа-жоспары (бұдан әрі – медиа-жоспар) шеңберінде жүргізілді.

2019 жыл бойынша мүмкіндіктері шектеулі жандар проблемалары бойынша 10170 материал, оның ішінде республикалық телеарналарда – 1325 материал, республикалық газеттерде 815 мақала,  өңірлік телеарналарда – 3013 материал, өңірлік газеттерде – 3274  мақала және интернет-ресурстарда – 1743  жарияланым жарияланды.

Атап айтқанда, республикалық және өңірлік телеарналарда мүмкіндіктері шектеулі жандар тақырыбында келесідей сюжеттер түсірілді: «В Петропавловске открылась первая в Казахстане автошкола для инвалидов» («Astana TV»), «Өскеменде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы сайт ашылды», «Ақтөбелік музыкант мүмкіндігі шектеулі балаларға домбыра үйретудің ерекше әдісін ойлап тапты», «Двое молодых людей на свои средства установили пандусы в Жанаозене» («Хабар 24»), «Алматыда зағип жандар салған суреттер көрмесі ашылды» («Almaty»), «В интересах людей» («Saryarqa») «Мүмкіндігі шектеулі жандардың кәсібіне қолдау көрсетіледі» («Aqtóbe»).

Бұдан басқа, республикалық және өңірлік БАҚ-та осы тақырыптар бойынша: «Когда у возможностей нет границ» («Деловой Казахстан»), «Горы равных возможностей», («Время»), «Безграничные возможности спорта», «Мир равных возможностей» («Литер»), «Особенный центр» («Неделя СК»), «Инвалидная коляска – не приговор!» («Новый регион») және т.б. мақалалары жарияланды.

Ақпараттық ресурстарда (total.kz, today.kz, inform.kz, caravan.kz, 365info.kz, baq.kz, zakon.kz) осы тақырып бойынша жарияланымдар кеңінен таратылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру 2020 жылға арналған медиа-жоспар шеңберінде жалғасатын болады.

Баяндалғанды ескере отырып, Іс-шаралар жоспары 63-тармағын АҚД мен Еңбекмині бірлескен жұмыс бақылауына ауыстыруды жөн деп пайымдаймыз.