Вернуться к списку
Біржан Нұрымбетов 25 маусымда халыққа есеп беру кездесуін өткізеді
Біржан Нұрымбетов 25 маусымда халыққа есеп беру кездесуін өткізеді
29.05.2020

2020 жылғы 25 маусым күні сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Кездесу онлайн-режимде өтеді.

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов азаматтарды елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және Министрліктің жетекшілік ететін салаларының дамуы жөніндегі міндеттер туралы хабардар етеді.

Есепті кездесудің тікелей трансляциясы Министрліктің және ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми аккаунттарында жүзеге асырылады.

Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз:

- Министрліктің ресми интернет-ресурсындағы онлайн-қабылдаудың «Сұрақ-Жауап» бөліміне:https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/virtual-reception/1?lang=kk;

- Министрліктің Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарына;

- kense@enbek.gov.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз немесе «Министрліктер үйі» ғимаратының 6-кіреберісінде орнатылған пошта жәшігіне салыңыз.

Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(7172) 74-36-03, 8(7172) 74-37-23.

Бұл ретте Сіздің назарыңызды «Есепті кездесу үшін» деген белгіні жасау қажеттігіне аударамыз. Министр келіп түскен сұрақтарға тікелей эфирде жауап беретін болады.