Вернуться к списку
Жүректен жүрекке
Жүректен жүрекке
14.10.2020

Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Қостанай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де халықаралық мүгедектер күні атап өтілді. Жарымжан жандардың мәселесіне көңіл аудару, олардың құқығын қоғамдық өмірдің барлық салалары бойынша қорғау бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты болып табылады. Орталықта мерекелік іс-шара өткізілді.
Қызмет алушылардан құралған әртістер, мәдени шараларды ұйымдастырушылардың басшылығымен шақырылған қонақтарға арнап, жылы лебіздерін білдіріп ән шырқап, өлең оқыды. Қызмет алушылар домбырамен "Келіншек" күйін орындады, гитарамен ән айтты, сондай-ақ "Жақсы адамдарым", "Бол жанымда" әндерін орындап тыңдармандардың ықыласына бөленді".
Мереке мейірімге, өзара түсіністікке толы атмосферада өтті. Бұл күні барлық қызмет алушылар үшін мерекелік түскі ас әзірленді.