Вернуться к списку
Ерікті көмек
Ерікті көмек
17.11.2020

Әлеуметтік волонтерлік - мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарттарға, жалғызбасты адамдарға, жетімдерге, ерекшеліктері бар балаларға және халықтың басқа да санаттарына көмек көрсету болып танылады. Бұл ең танымал бағыт ерікті көмек.

Жыл сайын еріктілер қызметі біздің елімізде танымал болып келеді.

Арқалық орталығында «Мүгедектер күнін» өткізу шеңберінде, Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің еріктілері аумақты абаттандыру бойынша акция өткізді.

Қамқорлыққа алынушылармен бірге еріктілер ауланы жапырақтардан тазартты.

Колледж оқытушылары мен оқушылары қамқорлыққа алынғандарға мәдени-ойын-сауық бағдарламасын ұсынды, онда дарынды суретшілерді анықтап, олардың шығармашылығын жүлделер мен медальдармен атап өтті.

Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ұжымына, біздің мемлекет қамқорлығындарға немқұрайлы қарамағаны үшін алғыс айтамыз, әрі қарайғы кездесулер болатына үміттенеміз.