Вернуться к списку
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық жүйесі аналарға әртүрлі материалдық көмек түрлерін ұсынады
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық жүйесі аналарға әртүрлі материалдық көмек түрлерін ұсынады
03.03.2021

Қазақстанда қалыптасқан балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық жүйесі аналар мен олардың балаларына түрлі материалдық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін 6 жәрдемақы мен 2 төлемді қамтиды.

Мәселен, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шеңберінде 2020 жылы шамамен 1,9 млн. адамға республикалық бюджеттен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жалпы сомасы 635,3 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді, бұл 2019 жылғы төлемдер сомасынан 71% - ға (372 млрд. теңге) артық.

Атап айтқанда, 430,7 мың адам жалпы сомасы 52,3 млрд. теңгеге бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақыны алды.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны 2020 жылы орта есеппен 120,9 мың адам 31,7 млрд теңге сомасына алды.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін ай сайынғы жәрдемақымен жалпы сомасы 49,1 млрд теңгеге 232,3 мың әйел қамтылды.

4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны 2020 жылы жалпы сомасы 236,2 млрд теңгеге 428 290 мың отбасы алды.

2020 жылы мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарға ай сайынғы жәрдемақыны 89,5 мың адам 49,6 млрд теңге сомасында алды.

18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақыны 14,5 мың адам алды, оларға 8 млрд. теңге төленді.

Болашақ ана бала тууға толық дайын болуы үшін 2008 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын жұмыс істейтін әйелдерге МӘСҚ қаражаты есебінен жүктілікке және бала тууға байланысты біржолғы төлем жүзеге асырылады. 2020 жылы оны жалпы сомасы 96,4 млрд.теңгеге 203,1 мың адам алды.

Бала туғаннан кейін МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлемдер жасалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша оларды жалпы сомасы 106,4 млрд теңгеге 501,6 мың адам алды.

Бұдан басқа, 2014 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін 1 жасқа дейінгі баласының күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде олардың міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді, бұл олардың зейнетақы жинақтарының ұлғаюына, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне қол жеткізуге ықпал етеді.

2020 жылы республикалық бюджеттен МӘСҚ-тан 1 жасқа дейінгі баланың күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушы 87275 адамның жеке зейнетақы шоттарына 5,7 млрд. теңге аударылды.

2021 жылға балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға 755,4 млрд теңге, оның ішінде бюджеттен 501,7 млрд теңге және МӘСҚ-тан 253,7 млрд теңге қарастырылған.

Жоғарыда баяндалғанға байланысты қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (бұдан әрі – Еңбекмині) ана капиталын енгізу туралы мәселе қаралмайды.

Сонымен қатар, Еңбекмині Әлеуметтік қамсыздандыру туралы кодекстің тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде. Қоғамнан 500-ден астам ұсыныс түсті, оның ішінде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша да ұсыныстар бар, олардың барлығы мұқият зерделенетін болады.