Вернуться к списку
ҚР Еңбекминінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі қашықтықтан жұмыс істей береді
ҚР Еңбекминінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі қашықтықтан жұмыс істей береді
13.05.2021

Азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қоғамдық қабылдауы 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін жұмысын қашықтықтан жалғастырады.

Барлық өтініштер электронды түрде Еңбекминінің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, «e-gov» электронды үкімет порталы және ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы арқылы қабылданады.

Сондай-ақ 8 (7172) 74 36 03, 74 30 05, нөмірлеріне хабарласуға болады.