Вернуться к списку
Министр қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
Министр қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады
27.09.2021

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қазақстандықтарды қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін алдағы Еңбек күнімен құттықтады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі баршаға кәсіпте табыс, жемісті еңбек тіледі.

«Барлық қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтаймын. Бұл мереке қазақстандықтардың еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметін білдіреді. Ол нағыз еңбектің қадірін білетін және оның нәтижесімен мақтанатындардың барлығын біріктіреді.

Еңбек түрлі ұрпақ пен көзқарастағы адамдарды біріктіреді. Еңбексүйгіштік пен жасампаздық кез-келген қоғамның дамуының негізі, межеленген жоспарларға сәтті жетудің кепілі болып табылатын.

Бүгінде еңбек ардагерлеріне, отандастарымызға алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің арқаларыңызда еліміздің даму әлеуеті зор. Жұмысшы әулеттері мен еңбек ардагерлерінің қатары жылдан жылға толығып отырсын! Сіздер бүгінгі күні де өздеріңіздің бай кәсіби және адамгершілік тәжірибелеріңізбен жастармен бөлісіп, оларға еңбекке, жұмысшы мамандықтарға деген сүйіспеншілік ұялатып, өскелең ұрпақты Отанға деген жоғары патриотизмге тәрбиелейсіздер.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елімізге жас, білімді, ынталы кадрлар қажет екенін атап өтті. Бүгінгі таңда жас мамандар бұрыннан қалыптасқан негізгі кәсіби қағидаттарды сақтай отырып, өз салаларын алға тартуда, барлық салаларға креатив пен жаңашылдық енгізуде, жаңа жұмыс жағдайлары мен форматтарын қалыптастыруда. Сондықтан жұмыс істейтін жастарымызды жеке құттықтағым келеді және алдағы уақытта табыс пен өркендеу тілеймін.

Біздің мақсатымыз – лайықты еңбек қағидаттары мен стандарттары негізінде еңбек қатынастарын жетілдіруге және оларды құқықтық реттеуге қол жеткізу болып келді және солай болып қала береді.

Әркімнің еңбегі Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін сұранысқа ие болып және лайықты бағаланып, құт-береке мен қуаныш әкелсін деп тілеймін», – делінген Серік Шәпкеновтің үндеуінде.