Вернуться к списку
Жұлдыз Сүлейменова: Конституциялық реформалар – мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды процесс
Жұлдыз Сүлейменова: Конституциялық реформалар – мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды процесс
15.05.2022

Алматы қаласы Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері алдағы референдум жайлы толығырақ ақпарат алды. Оларға еліміздің Ата заңына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы Мәжілістегі «AMANAT» республикалық штабының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова, сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары мен партияның Алматы қалалық штабының басшысы Мейіржан Отыншиев кеңінен мәлімет берді.

«Кездесуіміздің негізгі мақсатының бірі – конституциялық реформалар мемлекетіміздің болашағы үшін және әрбір азамат үшін маңызды процесс екенін түсіндіру. Алматылықтар тарапынан әлеуметтік проблемалар, инклюзивті білім беру мәселесіне қатысты көптеген сұрақтар болды. Аталған мәселелер менің жеке бақылауымда болады», - деді партияның Мәжілістегі депутаттық фракциясының мүшесі Ж.Сүлейменова.

Сондай-ақ, азаматтар аманаттықтарға мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, сондай-ақ педагогтарға арнайы медициналық қызметтер көрсету және сақтандыру мәселелері бойынша сұрақтар қойды.