Вернуться к списку
Тоқаев мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартатын заңға қол қойды
Тоқаев мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартатын заңға қол қойды
30.06.2022

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Бұған дейін депутаттар мүгедек адамдарға қатысты дискриминацияға жол бермеу мақсатында заңға бірқатар нормалар енгізген болатын. Енді мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты "мүгедек" емес, "мүгедектігі бар адам" термині қолданылады. Ұлы Отан соғысының мүгедегі" деген сөз "Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы және ауруы салдарынан мүгедектігі бар адам" деген сөздермен ауыстырылады.

Әлемдік тәжірибеде "рeople-first language" деген түсінік бар, яғни, бірінші кезекте оның адам баласы екеніне мән беріліп, кейін оның ауру-сырқаты жөнінде айтылуы қажет.

Сондай-ақ, оңалту, мүгедектіктің алдын алу және осы бағыттағы атқарылып жатқан қызметтерді біріздендіру мақсатында "абилитация" түсінігі енгізілді. Абилитацияның сапалы ұйымдастырылуы, медициналық реабилитациядағы ем-домның сапасын едәуір өтеретін әлеуметтік-психологиялық, медициналық көмек.

Аталған норма БҰҰ конвенциясына сәйкестендірілді.

Мұндай өзгерістерге сенат пен мәжілістің бір топ депутаты бастамашылық жасаған еді.