Вернуться к списку
Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді
Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді
31.08.2022

Осы жылдың 7 айында қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 254 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде 2022 жылғы шілде айында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 28,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 8,6 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 530 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 179,4 мың адамға жетті.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігіне байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 54 339 теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 47 763 теңге.