Вернуться к списку
«Жастар Рухының» волонтерлері Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда
«Жастар Рухының» волонтерлері Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда
30.11.2022

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлері жылусыз қалған Екібастұз қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру, сондай-ақ жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер және мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинау үшін үй-үйді аралау жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Жастар Рухы» жастар қанатының Павлодар облыстық филиалының төрағасы Санира Жүсіпованың айтуынша, партияның волонтерлері мен белсенділері төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап гуманитарлық көмекті таратуға атсалысып жатыр.

«Бүгінде 1700-ден астам электр жылытқышты таратып үлгердік. Сондай-ақ, жылы көрпе де үлестіріп жатырмыз. Бұған қоса, осы жағдайға бей-жай қарай алмаған партиялықтар тәулік бойы жұмыс істеп жатқан апаттан құтқарушы бригадаларға ыстық тамақ ұйымдастыру үшін облыстың түкпір-түкпірінен азық-түлік жөнелтіп жатыр. Бұл жұмыс жылу жүйесін қалпына келтіргенге дейін жалғасады», – деп атап өтті Санира Жүсіпова.

Естеріңізге сала кетейік, Екібастұзда «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлер штабы жұмыс істейді.