Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу
Қызмет алушылар:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері, сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар
Қызметтің бағасы:
Тегін
Қызметті қайдан аламыз?
Мемлекеттен бастамалық SMS хабарлама

Мобильді азаматтар базасында тіркелу керек

Мобильді азаматтар базасында нөмірдің бар-жоқтығын тексеру

ХҚКО

Кезегіңізді келесі онлайн арқылы брондаңыз:

eGov mobile мобильдік қосымшасы Телеграм-бот Веб-портал eGov.kz
Әкімдіктердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері
Қызмет қанша уақытта көрсетіледі?
SMS хабарламасы арқылы
азамат ағымдағы 3 күнінде алғашқы SMS жауап берген жағдайда 10 минутқа дейін
ХҚКОда / жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында немесе бөлімінде
құжаттар пакетін тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін
МӘС бөлімі алдын ала шығарылған сараптамалық қорытындысымен бірге азаматты немесе құжаттарын МӘС әдіснама және бақылау бөліміне консультацияға жіберген жағдайларда – 10 жұмыс күні
Қандай құжаттар ұсынылу қажет?
  • Нысан бойынша өтінім
  • Жеке басын куәландыратын құжат (заңды өкіл өтініш берген жағдайда - заңды өкілдің жеке басын куәландыратын құжат)
  • Мүгедек адамнан сенімхат алған адам жүгініп, оны көрсеткен жағдайда (нотариалды түрде куәландыруды талап етпейді)
Қызметтің көрсетілгенін қайдан білем?
  • SMS-хабарлама. Мемлекеттен ақырғы SMS-хабарламада құжаттардың сәтті рәсімделгені туралы хабарлама алынады
  • ХҚКОдан/Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары немесе бөлімдерінен: мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекті ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы мерзімдері көрсетілген хабарлама жіберіледі
  • Азаматтар тізміге сәйкес толық емес құжаттар пакетін және/немесе қолданыстан мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ХҚКО/жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының немесе бөлімдерінің қызметкерлері өтінімді қабылдаудан бас тартады және нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Қызметті sms бойынша қалай алуға болады
Қызметті sms бойынша қалай алуға болады