Санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету
Қызмет алушылар:
мүгедектер немесе оның заңды өкілі немесе мүгедектен сенімхат алған адамдар
Қызметтің бағасы:
Тегін
Қызметті қайдан аламыз?
Мемлекеттен бастамалық SMS хабарлама

Мобильді азаматтар базасында тіркелу керек

Мобильді азаматтар базасында нөмірдің бар-жоқтығын тексеру

ХҚКО

Кезегіңізді келесі онлайн арқылы брондаңыз:

eGov mobile мобильдік қосымшасы Телеграм-бот eGov.kz порталы
Әкімдіктердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері
Қызмет қанша уақытта көрсетіледі?
SMS хабарламасы арқылы
ағымдағы 3 күнде SMS жауап берген жағдайда 10 минутқа дейін. Ол болмаған жағдайда, қызметті алу үшін ХҚКО немесе халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне/басқармасына жүгіну керек
ХҚКОда / жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында немесе бөлімінде
құжаттар пакетін тіркеген күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін
Қандай құжаттар ұсынылу қажет?
  • Өтінім нысаны
  • Жеке басын куәландыратын құжат
  • Мүгедек адамнан сенімхат алған адам жүгініп, оны көрсеткен жағдайда (нотариалды түрде куәландыруды талап етпейді)
Қызметтің көрсетілгенін қайдан білем?
  • SMS-хабарлама. Мемлекеттен ақырғы SMS-хабарламада құжаттардың сәтті рәсімделгені туралы хабарлама алынады
  • ХҚКОдан/Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары немесе бөлімдерінен: мүгедектерге санатория-курорттық емдеуді ұсынуға құжаттарды ресімдеу туралы мерзімдері көрсетілген хабарлама жіберіледі
  • Азаматтар тізміге сәйкес толық емес құжаттар пакетін және/немесе қолданыстан мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда ХҚКО/жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының немесе бөлімдерінің қызметкерлері өтінімді қабылдаудан бас тартады және нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді
Қызметті sms бойынша қалай алуға болады
Қызметті sms бойынша қалай алуға болады