Әлеуметтік жұмыс
МАҚСАТТАРЫ

Ресурстық орталықтың басты мақсаты әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, білім секторларында отбасылармен жұмыс жасауға кешенді тәсілді қалыптастыруға әрекеттесетін әлеуметтік жұмыс жүйесін жетілдіру.

ТАПСЫРМАЛАР
  1. әлеуметтік жұмыс бойынша сарапшылар пулын және ынтымақтастық үшін жұмыс кеңістігін құру және дамыту;
  2. балалары бар отбасылар үшін әлеуметтік қолдау мен әлеуметтік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша ведомствоаралық үйлестіруді арттыру;
  3. халықаралық, орталық және жергілікті деңгейде тәжірибемен алмасу платформасын құру;
  4. жергілікті деңгейдегі әлеуметтік қызметтер үшін әлеуметтік сүйемелдеу бойынша оқу әдістемелік кешендер мен модульдер дайындау;
  5. жергілікті деңгейдегі әлеуметтік бағдарламалар мен басқа да әлеуметтік қызметтер арасындағы ынтымақтастықтың институционалдық тәсілдерін жетілдіру.
ҚҰРЫЛЫМ
  1. Директор
  2. Директордың орынбасары
  3. Әлеуметтік жұмыс және білім беру бағдарламалары жөніндегі сарапшы
  4. Стратегиялық жоспарлау бойынша сарапшы
  5. Ведомствоаралық ынтымақтастық және ережелерді әзірлеу бойынша сарапшы